«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» «Мерусар и К» ЖШС-не қолдау көрсетіп, монтаждау және іске қосу-жөндеу жұмыстары бойынша технологиялық процестерді жетілдіру кезінде келтірілген шығындардың бір бөлігін өтеді.
2018 жылы компанияда таза жай пайдалануға берілді. Таза жайлар жағдайында, мысалы, тыныс алу жиынтықтары мен кардиологиялық жиынтықтар жинау мен буып-түюді талап ететін жаңа өнім желісін шығаруды жолға қоюға мүмкіндік берді.
Компания бүгінде медицина мен косметологияға арналған тоқыма емес материалдардан, соның ішінде вискоза мен мақтадан жасалған стерильді және стерильді емес жиынтықтардың кең ассортиментін шығарады.
«Мерусар и К» ЖШС директоры Марат Махановтың айтуынша зауыт 450-ге дейін бір реттік жиынтықтар, 8 млн-ға дейін бетперделер, бас киімдер мен бахилалар шығарады. Пандемия кезінде жеке қорғаныс құралдарына (ЖҚҚ) сұраныс жоғары болды: комбинезондар, бетперделер, обаға қарсы жиынтықтар және басқалар. 2020 жылғы наурыз-шілде аралығында компания 4 млн. ЖҚҚ-дан астам өндірді.
«Мерусар и К» ЖШС 2001 жылы құрылған. Бастапқыда компания дәрі-дәрмектерді, медициналық жабдықтарды, құралдарды, тігістер мен шығын материалдарын, сондай-ақ жетекші әлемдік және ресейлік өндірушілердің әртүрлі медициналық бұйымдары мен дезинфекциялық құралдарын көтерме және бөлшек сатумен айналысқан.
2009 жылдан бастап компания бір реттік медициналық киім (стерильді және стерильді емес) шығара бастады, осылайша отандық өндірушілердің қатарын толықтырды.
Компания медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіру бойынша қызметін Павлодар облысының аумағында ауруханалардың көпшілігі Қытай және Ресей өнімдерін пайдаланған кезде бастады. Уақыт өте келе, бәсекеге қабілетті бағалар мен жоғары сапалы өнімнің арқасында шетелдік өндірушілер нарықтан шығарылды.
2010 жылы компания Курчатов қаласында Ядролық технологиялар паркі (ЯТП) базасында филиалын құрды. Бүгінде филиалда 25 адам жұмыс істейді – басым бөлігі тігінші әйелдер, ораушылар, санитарлар, цех бастығы, бақылаушы, сондай-ақ оператор-ерлер жұмыс істейді. Курчатовта спирттік майлықтар, хирургиялық бетперделер, келушілерге арналған бахилалар, бас киімдер, перфорацияланған майлықтар шығаратын автоматты желілер бар. Курчатов қаласында өндірілетін өнім радиациялық әдіспен зарарсыздандырылады.
2013 жылдан бастап Курчатов қаласының филиалында шығарылатын өз өндірісінің спирт майлықтарына тіркеу куәлігі алынды.
2016 жылдан бастап қазіргі заманғы хирургияның ең қатаң талаптарына сәйкес келетін және сапасы жағынан шетелдік аналогтардан кем түспейтін кардиологиялық, емшара жиынтықтары мен жаңа буын жиынтықтарын шығару басталды. Жиынтықтарға арнайы тесіктері, ішіне салынған қаптары, жабысқақ жиектері және басқа да инновациялық ерекшеліктері бар хирургиялық іш киім кіреді, сондай-ақ рәсімдерді жүргізу үшін қажетті жиынтықтаушы бұйымдар мен құралдар кіреді.
2018 жылы анестезиология, реанимация, қарқынды терапия, жедел жәрдем бөлімшелерінде қолданылатын тыныс алу тізбектерінің жиынтығы тіркелді. Қазіргі уақытта компания жиынтықтарды іске асыруды жолға қойып отыр.
«Мерусар и К» ЖШС өндірісі заманауи жоғары технологиялық жабдықтармен жабдықталған. Атап айтқанда, өнімді төсеу және кесу бойынша автоматты желі бар, бұл кесу өнімділігі мен дәлдігін едәуір арттырады. Өнімді орау кезінде медициналық бұйымдарға арналған автоматты машина пайдаланылады, ол өнімді буып-түюдің барлық процесін жылдамдатады, осының есебінен компанияның өнімділігі артады. Компанияда спирттік майлықтар, бахилалар, бас киімдер, хирургиялық бетперделер, перфорацияланған майлықтар шығаратын әртүрлі автоматты станоктар бар.