Түрік инвесторы Алматы Индустриалды аймағында бірлескен жобаны жүзеге асырады

Минералды мақта мен сэндвич-панельдер өндіру бойынша бірлескен жобаны түрік инвесторы отандық компания «Макинский завод теплоизоляции» ЖШС-мен бірге Алматы қаласының Индустриялық аймағында жүзеге асыруға ниетті.

Бүгін «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы Берік Бекенов, «Panelsan A. S.» түрік компаниясының бас директоры Ресеп Каан Маслак және «Макинский завод теплоизоляции» ЖШС ЖШС құрылтайшысы Жасұлан Мұхаметжан ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Жоспарланған жобаның құны шамамен 47 млн АҚШ долларын құрап отыр, жалпы 260 жаңа жұмыс орны құрылмақ.

«QazIndustry» Басқарма Төрағасы Берік Бекенов кездесуге қатысушыларды индустриялық аймақтардың негізгі шарттары мен артықшылықтарымен таныстырды. Ол АЭА және ИА аумақтарында инвестициялық жобаларды іске асыруға қолдау көрсете отырып, кеңес бере отырып, барлық қажетті қолдау мен көмек көрсетуге дайын екенін білдірді.

Ресеп Каан Маслактың айтуынша, Алматы қаласының индустриалды аймағында 13 га жер телімі бөлінген, сэндвич панельдері мен минералды мақта өндіретін екі зауыт салу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Бизнес-жоспар және қаржылық модель әзірленген.

«Panelsan» компаниясы, бұл полистирол оқшаулауы және минералды жүн оқшаулауы бар сэндвич панельдерін шығаратын жетекші түрік компаниясы. Компания өз өнімдерін Балқанға, Орта Шығыс елдеріне және Африка мен Еуропаның шамамен 20 еліне сәтті экспорттайды.

«Макинский завод теплоизоляции» ЖШС – базальт жыныстарының негізінде жылу оқшаулағыш материалдар өндірісі бойынша Қазақстан Республикасындағы ірі кәсіпорын. Компания жылу оқшаулау бойынша конструкциялардың кең спектрін, оның ішінде базальт жыныстарының вулкандық тастарына негізделген минералды жүн, іргетастан шатырға дейін құрылымдардың жылу-дыбыстан қорғау қасиеттерін арттыру үшін құрылыста қолданылатын ылғалға төзімді базальт тақталарын шығарады.

Мұндай өнімдер сонымен қатар энергетикалық және криогендік қондырғыларды, өнеркәсіптік құбырларды жылу оқшаулау үшін, газдар мен сұйықтықтарға арналған сүзгілер ретінде, сондай-ақ жоғары сапалы сорбенттер үшін қолданылады.

 

«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ Қазақстандағы арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың негізгі үйлестірушісі. Бірыңғай үйлестіру орталығы тұлғасындағы QazIndustry негізгі міндеттері арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың инвестициялық тартымдылығын дамыту, ілгерілету және арттыру болып табылады.

Бірыңғай үйлестіру орталығы тұрақты негізде АЭА/ИА жұмыс істеу жүйесін және бизнес-процестерді жетілдірумен, басқарушы компаниялар мен резиденттердің мүдделерін қорғаумен, құқықтық реттеудің тиімділігін арттырумен, формальды кедергілерді жоюмен және қазақстандық АЭА/ИА инвестициялау үшін ынталандырулар құрумен айналысады.

 

Алматының индустриялық аймағы 2012 жылдан бастап жұмыс істейді және бірінші кезекте Алматы қаласында өнеркәсіптің басым салаларын – Машина жасауды, тамақ, жеңіл, фармацевтика, химия өнеркәсібін және құрылыс материалдарын өндіруді дамытуға арналған.

Қазіргі уақытта индустриялық аймақ аумағында өз қызметін 87 млрд. теңге сомасына жалпы инвестициялар көлемімен 1515 жұмыс орны құрылған 14 кәсіпорын жүзеге асырады. Бүгінгі таңда индустриялық аймақтың кәсіпорындары 43 млрд. теңгеден астам сомаға өнім өндірді. Сонымен қатар, 46 жоба іске асырылу үстінде, олардың бірқатары – шетелдік қатысуы бар компаниялар (Қытай, Ресей, Жапония, Иран, АҚШ, Малайзия, БАӘ, Германия, Оңтүстік Корея).