Медициналық бұйымдарды экспорттаушы «BRANDO» компаниясына мемлекеттік қолдау көрсетілді

Экспортеру медицинских изделий ТОО «Медстарэкспорт» оказана государственная поддержка

Brando сауда маркасымен Медстарэкспорт + Доктор Хаус компаниялар тобы медициналық мақсаттағы бұйымдарды шығарумен айналысады. Бұл бір реттік шприцтер, инфузиялық ерітінділерді құюға арналған жүйелер, медициналық маскалар. Өнімнің негізгі бөлігі, шамамен 70% - ы Ресейге, Тәжікстан мен Қырғызстанға экспортқа кетеді.

 

 «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы және ҚР Сауда және интеграция министрлігі компанияның фармацевтикалық өнімді экспорттауға байланысты шығындарын өтеді. Компания алынған қаражатты айналым қаражатын ұлғайтуға және шикізат сатып алуға жұмсады.

 

Қазіргі уақытта зауыт жылына 80 миллион шприц пен 40 миллион жұп медициналық қолғап шығарады. Зауытта 250-ге жуық жұмысшы еңбек етеді, олар үш ауысымда жұмыс істейді.

Естеріңізге сала кетейік, «BRANDO» компаниясы Атырау облысында 2010 жылы ҚР индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында құрылған.