Ақмола облысының кәсіпкерлеріне ынталандыру шаралары таныстырылды

 

Ақмола облысының 80-нен астам өнеркәсіп кәсіпорындарының өкілдері үшін «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ мемлекеттік ынталандыру шаралары туралы вебинар өткізді.

 

QazIndustry Қолдау құралдарын дамыту және мониторинг жүргізу дирекциясы басшысының орынбасары Арыстанбек Сағиев кәсіпорындарды еңбек өнімділігін арттыру мүмкіндіктері және бизнесті қолдау үшін мемлекет ұсынатын шараларымен таныстырды.

 

«QazIndustry» өңдеу секторындағы кәсіпорындарға қаржылық шаралардың кең спектрін ұсынады. Индустрия 4.0 элементтерінің технологиясын енгізуге, инженерлік-техникалық және өндірістік персоналды оқыту, монтаждау және іске қосу-жөндеу жұмыстары, шетелдік маманды тарту және т. б. Шығындардың бір бөлігі өтеледі.  Өтінімдерді www.qazindustry.gov.kz сайтында үздіксіз қабылдаймыз», - деді Ә.Сағиев.

 

2020 жылдың қорытындысы бойынша еңбек өнімділігін арттыру шеңберінде Ақмола облысының 5 кәсіпорнынан 15,9 млн.теңге сомасына 8 өтінім бойынша қолдау көрсетілді («Astana Сегаміс» ЖШС, «Summit Atom Rare Earth Company» ЖШС, Молочный Завод Молоко Синегорья», «Айтас-МП» ЖШС, «Асыл Арман» ЖШС).

 

Тауарларды сыртқы нарықтарға жылжыту шеңберінде 212,7 млн. теңге сомасына 10 кәсіпорынның 13 өтінімі мақұлданды. Олардың ішінде «Samhat» ЖШС, «Халал-Астық» ЖШС, «Агрофирма TNK» ЖШС, «Иман 777» ЖШС, «Samhat» ЖШС, «ТЫНЫС» АҚ және т. б. компанияларды атап өтуге болады.

 

Облыс кәсіпкерлері шетелдік жұмыскерлерді тарту, өнімді ел аумағында және одан тыс жерлерде ілгерілету, сондай-ақ өндірістік персонал мамандарын оқыту мәселелері бойынша мәселелер көтерді.

 

Бизнес сондай-ақ шығындарды өтеудің қолданыстағы тетігін жетілдіру және қолдаудың жаңа құралдарын (тауарларды ішкі нарықта жылжыту: теледидар арқылы тауарларды жарнамалау, үй-жайлар мен сауда алаңдарын жалға алу, сондай-ақ тауарларды сертификаттау) енгізу бойынша өз ұсыныстарын айтты.