Жеңіл өнеркәсіпті дамыту және қолдау-біздің экономикамызды дамытудың бірінші кезектегі міндеті. Бүгін QazIndustry пікірталас алаңында қазақстандық брендтік киім жасаушылардың, мемлекеттік тапсырыс бойынша арнайы киім тігумен айналысатын компаниялардың, сондай-ақ салалық қауымдастықтар басшыларының қатысуымен саланың өзекті мәселелері, даму проблемалары, шешу жолдары мен дамуды ынталандыру мәселелері талқыланды.
QazIndustry сарапшылары нарықтың тікелей қатысушыларымен тігін фабрикаларын шикізатпен, фурнитуралармен, білікті мамандармен, мемлекеттік тапсырыстармен қамтамасыз ету, сондай-ақ кәсіпорындарды цифрландыру мәселелерін талқылады. Қазақстандық брендтерді ішкі нарықта ілгерілету жөніндегі шаралар туралы тақырып жеке көтерілді.
Онлайн-кездесу барысында «Мимиорики», «Glasman», «Большевичка», «Медиатекс», «Гаухар ШФ», «ПИК АСТАНА Ютария лтд» және т.б. компанияларының өкілдері өз пікірлері мен ұсыныстарымен бөлісті.
Отандық киім өндірушілердің ұсыныстары қабылданды және жұмыс кезінде ескерілетін болады.
QazIndustry пікірталас алаңындағы ұқсас кездесулер мен талқылаулар экономиканың басқа салаларында да ұйымдастырылатын болады.