2021 жылғы 3 наурызда QazIndustry пікірталас алаңында отандық тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді ішкі нарықта қолдау және ілгерілету шаралары талқыланды.
Іс-шараға 100-ден астам кәсіпкер мен салалық ұйымдардың басшылары қатысты.
Шараны ашқан «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Айдар Кәкімжанов өңдеу саласындағы қазақстандық кәсіпорындарды қолдау үшін жаңа шаралар пакетін әзірлеу кезінде бизнеспен өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті.
QazIndustry спикерлері ынталандыру шараларының жаңа түрлерін, өтеуге жұмсалатын болжамды шығындардың мөлшері мен сомасын, өтініш берушілерге қойылатын критерийлерді, өтінімдерді қарау рәсімін, сондай-ақ кәсіпкер өзіне қабылдайтын қарсы міндеттемелер шарттарын таныстырды.
Бизнес тарапынан алдағы уақытта пысықталатын бірқатар ұсыныстар мен ескертулер айтылды.
Естеріңізге сала кетейік, QazIndustry ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп, отандық тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді ішкі нарықта қолдау мен ілгерілетудің жаңа шаралары бойынша ұсыныстар қалыптастырады.
Қосымша ұсыныстар эл бойынша қабылданады.мекенжайы: sh.suyunov@qazindustry.gov.kz (ұсыныстар негіздемемен болуы тиіс, негіздемесіз ұсыныстар қабылданбайды).
БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ