Жеңіл өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 128,7 млрд.теңгені құрады, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңінен номиналды мәнде 11% - ға жоғары. Жеңіл өнеркәсіп өнімдері өндірісінде негізгі үлес тоқыма өндірісіне тиесілі – 70,8 млрд. теңге, одан әрі киім өндірісі – 46,3 млрд.теңге және Былғары және оған жататын өнімдер өндірісі – 11,6 млрд. теңгені құрады.
2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда өнімнің нақты көлем индексі 115% - ды құрады. Өсім жеңіл өнеркәсіптің барлық кіші салаларында байқалады. Тоқыма бұйымдары өндірісінің НКИ-104,5%, өсім мақта-мата маталары (+59); химиялық немесе штапельді талшықтардан жасалған маталар (+61); өзге де тоқыма бұйымдары (+30%) өндірісі көлемінің өсуі есебінен. Киім өндірісінің НКИ өсуі – 105,5% негізінен әйелдер жұмыс істейтін киімінің 2,4 есе өсуі есебінен; өзге де жұмыс киімі (+72%); теннискалар, майка мен шортылар, фуфайкалар және ұқсас трикотаж бұйымдар (+43%) есебінен құралған. Былғары және оған жататын өнімдер өндірісінің НКИ-231,1% өсуі спорттық аяқ киімдерден, металл қорғаныш тұмсығы бар аяқ киімдерден және әртүрлі арнайы аяқ киімдерден басқа, былғарыдан жасалған аяқ киім өндірісінің 9 есе өсуіне, үлбір, иленген немесе иленген терілер (+15%) өсіміне байланысты.
2020 жылғы қаңтар-қарашада жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің экспорты 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 23% - ға қысқарды және 131,9 млн. АҚШ долларын құрады. Экспорттың негізгі елдері: Ресей, Қытай, Латвия.
2020 жылғы қаңтар-қарашада жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің импорты 1562 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2019 жылғы ұқсас көрсеткіштен 2% - ға төмен. Экспорттық және импорттық жеткізілімдердің қысқаруы COVID-19 пандемиясына байланысты барлық елдерде карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты болып отыр. Негізгі импорттаушы елдер: Қытай, Ресей, Түркия.
2020 жылдың 11 айында елдегі жеңіл өнеркәсіп нарығының көлемі 1,7 млрд. АҚШ долларын құрады, мұнда ОТӨ үлесіне 8,4%, импорттық өнім үлесіне – 91,6% келеді.
Сала төрт өңірде: Шымкент қаласы, Алматы қаласы, Түркістан және Алматы облыстарында жоғары аумақтық шоғырлануымен ерекшеленеді. Шымкент қаласындағы жеңіл өнеркәсіптің үлесі республика өндірісінің жалпы көлемінің шамамен 23% - ын құрайды. Түркістан облысы – 14,4%, Алматы облысы – 13,2% және Алматы қаласы-10% құрайды.