2020 жылдың қорытындысы бойынша еңбек өнімділігін арттыру бойынша мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде 58 кәсіпорынның жалпы сомасы 420 млн теңгеге 179 өтінімі бойынша шығындары өтелді. Бұл туралы «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ басқарма төрағасы Берік Бекенов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында мәлімдеді.
Отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді ішкі нарықта ілгерілету шеңберінде 2020 жылы 51 кәсіпорынның жалпы сомасы 93,1 млн теңгеге шығындары өтелді.
«Шығындардың бір бөлігін өтеу түріндегі мемлекеттік ынталандыру шаралары отандық бизнеске шетелдік мамандарды тартуға, өз қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға, шеф-монтаж жасауға, жабдықты іске қосуға, басқарудың автоматтандырылған жүйелерін, Индустрия 4.0 элементтерін енгізуге, аудит жүргізуге, өнімді сертификаттауға және т.б. мүмкіндік береді», - деп атап өтті Берік Бекенов.
2020 жылы «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ ҚР Сауда және интеграция министрлігінің отандық өңделген тауарларды сыртқы нарықтарға жылжыту жөніндегі операторы бола отырып, жалпы сомасы 5,6 млрд теңгеге 216 кәсіпорынның (487 өтінім) шығындарын өтеді.
Өңірлік бөліністе өтініштердің басым бөлігі Шығыс Қазақстан облысы (11,9%), Қостанай облысы (10,7%), Қарағанды облысы (10,2%), Алматы қаласы (8,7%) және Алматы облысынан (8,2%) келіп түсті. Компаниялардың ең көп саны тамақ өнеркәсібі (41,7%), металлургия (6,5%), өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісі (5,5%), электр жабдықтары өндірісі (3,4%) және т. б. салалардан келіп түсті.
Берік Бекенов атап өткендей, өңделген тауарларды экспорттаушыларға шетелде тауарларды жарнамалауға, шетелдік көрмелерге, жәрмеңкелерге қатысуға, шетелде өнімді сертификаттауға, қоймаларды, сауда үй-жайларын жалға алуға және тауарларды жеткізуге байланысты шығындар өтелді.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша қолдау шараларын алған тауарлар экспортының географиясы әлемнің 29 елін құрады, соның ішінде Кувейт, Оман, Сауд Арабиясы, АҚШ және Оңтүстік Корея сияқты жаңа экспорт елдері пайда болды.
2021 жылғы қаңтардан бастап экспорттаушыларды қолдау бойынша «бір терезе» құру шеңберінде тауарларды сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындарды өтеу функциялары «Qaztrаdе» АҚ-ға берілді.
Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес QazIndustry ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп, қолданыстағы мемлекеттік қолдау шараларын қайта қарастыру және жаңа түрлерін енгізу бойынша жұмыс жүргізуде.
Мәселен, отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта ілгерілету жөніндегі шараларды кеңейту жоспарлануда. «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы Берік Бекенов атап өткендей, бұл тауарларды жарнамалауға, жұмыстар мен қызметтерге, сауда алаңдарын жалға алуға, тауар белгілерін тіркеуге, клиникалық және клиникаға дейінгі сынақтарды жүргізуге, таңбалауға, Қазақстан бойынша тауарларды жеткізуге және басқа да шараларға байланысты бизнес шығындарын өтеу сияқты шаралар.
Бұдан басқа, өндірісті цифрландыруға байланысты шығын түрлерін кеңейту бойынша жұмыс жүргізілуде. Аталған шараларды енгізу кәсіпорындардың тиімділігі мен еңбек өнімділігінің өсуіне оң әсер ететін заманауи халықаралық технологиялар мен жүйелерді енгізу үшін бизнеске қосымша серпін береді.
Үшінші индустрияландыру бағдарламасына сәйкес QazIndustry ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп «өнеркәсіптік грант» мемлекеттік қолдаудың жаңа құралын енгізу бойынша жұмыс жүргізуде, ол жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға және жаңа өндірістерді құруға бағытталатын болады.
«Өндіріске қажетті құрал жабдықты сатып алу және оны өндіріске енгізу үшін 50% мөлшерінде бірлесіп қаржыландыру шарттарында іске асырылатын болады. Бұл негізгі қорлардың жаңартылу пайызын арттыруға және нәтижесінде ішкі нарықта қосылған құны жоғары бәсекеге қабілетті өнім шығаруға мүмкіндік береді және сыртқы нарықтарға шығу үшін база қалыптастырады», - деп атап өтті Б.Бекенов.
Қолдау көрсетілген жобалардың мысалдары: "AlumConstruction" ЖШС, компаниялар жабдықты шеф-монтаждаумен және іске қосу-жөндеумен байланысты шығындарды өтеді, бұл шыныны қайта өңдеу көлемін 2 есеге арттыруға, сондай-ақ қалдықтарды қайта өңдеуге және оны өндірісте қайта пайдалануға мүмкіндік берді.
Шетелдік маманды тартқаны үшін "KARLSKRONA LC AB" ЖШС қолдау көрсетті, соның арқасында өндірістік процестерді оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізілді және жаңа сорғы жабдықтарының желісі игерілді, сондай-ақ өнімнің жаңа түрлерін өндіру бойынша конструкторлық және технологиялық құжаттаманы әзірлеу үшін.
"SAMHAT аяқ киім фабрикасы" ЖШС-не пішу, тігін және созылмалы учаскелердің жұмыскерлерін оқытуға қолдау көрсетілді, бұл аяқ киім тігу сапасын 20% - ға арттыруға мүмкіндік берді және "Стилон "тігін өндірісі үшін автоматтандырылған жүйені енгізгені үшін" АГФ Групп "ӨК"ЖШС-не қолдау көрсетілді.
«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және
экспорт орталығы» АҚ
баспасөз қызметі
+77013283898