Қазіргі уақытта Қазақстанда жеткізушілерді дамыту бағдарламасы шеңберінде «Euroconsultants sa – Қазақстандағы филиалы» АҚ грек консалтингтік компаниясы «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ-мен, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП-мен әріптестікте 4 449 772 теңге сомаға халықаралық сертификаттауға арналған шығыстардың бір бөлігін өтеуді жүргізді. Атап айтқанда, бұл соманы «Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы», «Светотехника Плюс» ЖШС, «ЦЭМ-Геомаш» ЖШС алды.
Қазіргі уақытта қазақстандық компанияларды халықаралық сертификаттауға жұмсалатын шығындарды өтеуге Дүниежүзілік банк қосымша 3 млн. АҚШ доллары көлемінде қаражат бөліп отыр. Бұл қаражатқа халықаралық сертификаттауды алғысы келетін Бағдарламаға қатысушы барлық компаниялар үміткер бола алады.
Өтеу тетігі ҚР Ұлттық экономика министрлігі бекіткен «Шағын және орта кәсіпкерліктің бәсекеге қабілеттілігін арттыру» жобасы шеңберінде өнім берушілерді дамыту бағдарламасына қатысатын шағын және орта кәсіпкерлерге халықаралық сертификат алумен байланысты шығыстардың бір бөлігін өтеуді жүзеге асыру қағидалары (70%) негізінде жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, 70% көлемінде шығындарды өтеуге 2019 жылдың қараша айынан бастап бүгінгі күнге дейін халықаралық сертификаттауды алған компаниялар да қатыса алады.
Өтінімдерді беру мерзімі 2021 жылғы 30 маусымға дейін жүргізіледі.
Толығырақ ақпарат алу үшін жоба үйлестірушісі Назира Жақыпбаеваға хабарласуға болады, тел.: +7 701 955 8325 немесе электрондық мекенжай бойынша: N.Jakipbayeva@euroconsultants.com.gr.