Цифрлық трансформация қазіргі әлемде кәсіпорынның өнімділігі мен құндылығын арттыру үшін заманауи технологияларды қолдануды білдіреді.
Цифрлық трансформацияның негізгі артықшылықтары-шығындарды азайту, қызметтер мен өнімдердің сапасын жақсарту және өнімділікті арттыру.
«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп өңдеу өнеркәсібін цифрлық трансформациялауға дайындық деңгейіне бағалау жүргізді және негізгі проблемаларын анықтады. Өндірісте цифрлық технологияларды толық көлемде енгізуге кедергі келтіретін негізгі кедергі негізінен кәсіпорындарда қаржы ресурстарының жетіспеушілігі болып табылады. Осы саладағы жобалардың қымбаттығы, отандық цифрлық шешімдердің жетіспеушілігі цифрлық трансформацияны бастауды қиындатады.
Бұдан басқа, отандық өнеркәсіптік кәсіпорындарды цифрлық трансформация жолында қолдау үшін қазақстандық даму институттары көрсететін бірқатар мемлекеттік ынталандыру шаралары бар.
«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп келесі шараларды ұсынады:
- кәсіпорындардың құзыреттерін арттыру (персоналдың біліктілігін арттыру, шетелдік қызметкерлерді тарту және т. б.);
- технологиялық процестерді жетілдіру (IT саласындағы консалтинг, конструкторлық әзірлемелер және т. б.);
- өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру (Индустрия 4.0 технологияларын енгізу, құжаттаманы әзірлеу және т.б.).
Оы мақсаттарға «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ субсидиялау, кепілдік беру, лизинг және т. б. көрсетеді.
Біз өнеркәсіп секторын цифрландыруға бар күш-жігерімізді саламыз, атап айтқанда Индустрия 4.0 элементтерін енгізуді ынталандыруға бағытталған отандық кәсіпорындардың дамуын қолдау үшін жағдай жасаймыз.