«Астана Технополис» арнайы экономикалық аумағында «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ басшылығы Әзербайжанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рашад Маммадов және «Аромат» ЖШС компаниясының директоры Закир Биннатли мырзалармен кездесті. Кездесуге қатысушылар «Астана – жаңа қала» АЭА аумағында парфюмерлік зауыт салу бойынша инвестициялық жобаның іске асырылу барысымен танысты.
Тараптар одан әрі ынтымақтастықтың мүмкіндіктері мен экономиканың түрлі секторларындағы жобаларды іске асыру перспективаларын, елдер арасындағы сауда-экономикалық әлеуетті дамытуды талқылады.
Кездесу барысында QazIndustry Басқарма төрағасының орынбасары Марат Бопазов компанияның арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды дамыту аясындағы, соның ішінде мемлекеттік ынталандыру шаралары бойынша қызметін таныстырды.
Ол сондай-ақ осы кездесуді ұйымдастырғаны үшін алғысын білдіріп, мұндай іс-шаралар бауырлас елдер арасындағы барлық бағыттар бойынша байланыстарды одан әрі дамытуға әкелетінін атап өтті.
Басқарушы компанияның басшылығы сондай-ақ инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндіктері мен оларды дамыту перспективаларын ұсынды.
Әзербайжанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рашад Маммадов мырза елордалық АЭА қатысушысы «Электровоз құрастыру зауыты» өндірісінің электровоздарын сатып алудың оң тәжірибесі бар екенін атап өтті.
«Әзірбайжан үкіметі елден тыс жерлерде Әзірбайжан инвесторлары жүзеге асыратын әрбір инвестициялық жобаға қамқорлық жасайды және оны қорғайды», - деді ол.
Анықтама:«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ – Қазақстандағы арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың негізгі үйлестірушісі. QazIndustry-дің Бірыңғай үйлестіру орталығы ретіндегі негізгі міндеттері арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың инвестициялық тартымдылығын дамыту, ілгерілету және арттыру болып табылады.
Бірыңғай үйлестіру орталығы тұрақты негізде АЭА/ИА жұмыс істеу жүйесін және бизнес-процестерді жетілдірумен, басқарушы компаниялар мен резиденттердің мүдделерін қорғаумен, құқықтық реттеудің тиімділігін арттырумен, формальды кедергілерді жоюмен және қазақстандық АЭА/ИА инвестициялау үшін ынталандырулар құрумен айналысады.
«Арома» ЖШС – Қазақстандық парфюмерлік зауыт. Ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында бағдар бойынша "Астана Технополис" АЭА аумағында жаңа зауытты пайдалануға беру қосымша жоспарлануда. Бастапқы кезеңде жобаның жалпы құны 400 млн. теңгеден асады, инвестицияны 1 млрд.теңгеге дейін ұлғайту күтілуде. Бүгінгі таңда компания өз өнімдерінің 80% - ын техникалық режимде өндіреді және РФ-ға экспорттайды.