Құрылыс материалдары өндірісі саласы бойынша 2021 ж. қаңтар-наурызға арналған инфографикаға түсіндірме ҚР құрылыс материалдары өндірісінің көлемі 2021 жылғы қаңтарнаурызда 161,3 млрд. теңгені құрады, бұл, 2020 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда номиналды көріністе 33,3% (121 млрд.тг) жоғары. 2021 жылғы қаңтар-наурызда өнімнің физикалық көлемінің индексі 130,1% құрады. Заттай көріністе өсу төмендегі тауарлар бойынша байқалады: отқа төзімді өнімдер (+ 2,4 есе); керамикалық отқа төзімді емес кірпіштер (+3 есе); қожмақта, минералды силикатты мақта және осыған ұқсас минералды мақталар (+ 2,5 есе); ескерткіштерге, безендіру мен құрылысқа арналған өңделген тас (+ 2 есе); тауар бетоны (+77,9%); құрылыс мақсаттарына арналған бетоннан жасалған өнімдер (+35,2%); тақтайлар, тақталар, кірпіштер және цемент, бетон немесе жасанды тастан жасалған осыған ұқсас өнімдер (+33,6%); құрылыс ерітінділері (+22,2%) және т.б. Заттай көріністе өндіріс көлемінің төмендеуін тек бір тауар көрсетті: керамикалық қаптама кірпіштер (-29,2%). Құрылыс материалдары өнімінің экспорты 2021 ж. қаңтар-ақпанда 2020 ж. осы кезеңмен салыстырғанда 9,1% өсті және 27,6 млн. АҚШ долл. құрады. Экспорт көлемі заттай көріністе 310 мың тонна құрап, 21,4% өсті, былтырғы жылдың осы кезеңінде 256 мың тонна деңгейінде болды. Негізгі эксорттаушы үздік елдер: Өзбекстан, Ресей және Қырғызстан. Отандық нарыққа құрылыс материалдарының импорты 2021 жылғы қаңтар-ақпанда 2020 жылғы осы кезеңге 13,1% өсуді көрсетіп, 140,7 млн. АҚШ долл. құрады. Тауар көлемі заттай көріністе 2020 жылғы қаңтарақпанмен салыстырғанда 40,4% (284 мың тонна) өсіп, 398 мың тоннаны құрады. Негізгі үздік импорттаушы елдер: Ресей, Қытай, Түркия. 2021 жылғы қаңтар-ақпанда ҚР құрылыс материалдары нарығының көлемі 498 млн АҚШ долл. құрады, ОТӨ үлесі 72%, импорт өнім үлесі – 28% құрайды. Қарастырылып отырған кезеңдегі құндық мәндегі ең үлкен өндіріс көлемі - Нұр-Сұлтан қаласы (23,9 млрд.тг), Алматы (18,1 млрд.тг) және Қарағанды облысы (16,8 млрд.тг).
БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ