«QazIndustry «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ еңбек өнімділігін арттыру бойынша мемлекеттік қолдау шаралары бойынша 2021 жылғы қаңтар-мамырда 178 млн теңге сомасына 34 өтінім бойынша қолдау көрсетті.
Өңірлік бөліністе Нұр-сұлтан қаласы, Түркістан, Батыс Қазақстан және Ақмола облыстары, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларының кәсіпорындарынан көбірек өтінімдер мақұлданды. Салалық бөліністе қолдау тапқандардың арасында машина жасау саласының, АӨК және жеңіл өнеркәсіптің өтінімдері басым.
QazIndustry консультацияларды онлайн форматта жалғастыруда. 2021 жылдың 5 айында салалық қауымдастықтар мен жергілікті атқарушы органдар үшін 129 кеңес және 7 вебинар өткізілді, онда өнеркәсіптік кәсіпорындардың шығындарын өтеу ережелері мен шарттары түсіндірілді.
Естеріңізге сала кетейік, QazIndustry ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің желісі бойынша индустрияландыру бағдарламасы аясында еңбек өнімділігін арттыруға байланысты өңдеу саласы кәсіпорындары шығындарының бір бөлігін өтейді.
Осылайша, кәсіпорынның құзыреттілігін арттыруға, технологиялық процестерді жетілдірумен және өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттырумен байланысты индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге, сараптауға жұмсалған шығындардың 40% дейін.
Құралдармен толығырақ сайттағы «Бизнесті ынталандыру» бөлімінде танысуға болады www.qazindustry.gov.kz
БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ