Тұтастай алғанда, Индустрияландыру жылдарында теміржол машинасын жасау кластері құрылды. Локомотивтер, электровоздар, жүк және жолаушылар вагондары, термос вагондар, тұтас таптамалы дөңгелектер, Локомотив, бағыттамалы бұрмалардың бандаждары және т.б. өндірісі жолға қойылды. Отандық теміржол тасымалдаушыларының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін бірқатар маңызды жобалар енгізілді:
- «Локомотив Құрастыру Зауыты» АҚ заманауи маневрлік тепловоздарды шығару бойынша ішкі нарыққа да, экспортқа да жеткізуді жүзеге асырады.
- Жүк және жолаушы электровоздарын шығаратын «Электровоз Құрастыру Зауыты» ЖШС ішкі нарыққа да, экспортқа да жеткізуді жүзеге асырады.
- «ЗИКСТО» АҚ жүк вагондарын өндіру және жөндеу бойынша. Қаңтар-мамыр айларында 298 дана өндірілді.
- «Қазақстан вагон компаниясы» ЖШС жүк вагондарын шығару бойынша. Қаңтар-мамыр айларында 250 дана өндірілді.
- «Тұлпар» Вагоностроительный завод» ЖШС жылына 150 вагон қуаттылығымен жолаушылар вагондарын шығару бойынша.
- «Проммашкомплект» ЖШС қуаттылығы жылына 300000 жұп доңғалақ жұптарын құрайтын тұтас таптамалы дөңгелектерді өндіру бойынша.
- «Сool Infinity» ЖШС өндірістің экспорттық бағдарымен инновациялық изотермиялық вагондарды шығару бойынша.
Жоғарыда аталған барлық кәсіпорындардың 2021 жылға арналған темір жол машина жасау өнімдерін шығару жөніндегі жоспарлары бар.
Кәсіпорындардың деректеріне сәйкес, 2021 жылы барлық кәсіпорындарда өндіріс өсімінің оң серпіні байқалады.
Бұл ретте 4 зауыт (ЛҚЗ, ЭКЗ, Проммашкомплект, «Cool Infinity» ЖШС) экспортқа бағдарланған болып табылады және өз өнімдерін негізінен ТМД елдерінің шегінде жеткізеді.
Кесте. Темір жол машинасын жасау өндірісі, дана
Кәсіпорындар |
2018 |
2019 |
2020 |
қаңтар-мамыр 2021 |
Локомотивтер |
27 |
11 |
26 |
13 |
Тұтас домалатылған дөңгелектер |
13 231 |
53 934 |
155 153 |
51 513 |
Жүк вагондары |
1 489 |
310 |
681 |
742 |