Астананың зәулім ғимаратқа толы көшелері мен сәнді гүлзарларын артқа тастап, шаһардың солтүстік- шығыс тарапын бетке алар болсаңыз, арнайы экономикалық аймаққа тап болар едіңіз. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың басын қосқан арнайы аймақ «Астана – жаңа қала» деп аталады.
Экономикалық аймақтың мақсаты – отандық өндірісті дамыту. Жалпы алғанда, 80 кәсіпорында 4 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Мұндағы кәсіпорындардың барлығы дерлік жер, табыс, қосымша құн салығынан босатылған. Мүлік салығын да төлемейді. Мемлекет тарапынан осыншама кеңшілік жасалған өндіріс ошақтары шығаратын тауарлардың 70 пайызы қазақстандық үлгіде.
Астаналық аймақта өткен пресс-турдан «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Абай Аймағамбет әзірлеген материал.
Толығырақ - https://egemen.kz/article/280198-arnayy-ekonomikalyq-aymaqtynh-artyqshylyghy
© egemen.kz