2021 жылғы 5 айда фармацевтикалық өнім экспорты Қазақстанда 19% өсті.
Бұл өсу төмендегі позициялар бойынша Өзбекстанға жеткізулердің
11 есе рекордтық өсуі есебінен болды: араласқан немесе араласпаған өнімдерден тұратын дәрілер (+8 есе); ветеринарлық вакциналар (+7 есе); аскорбин, никотин қышқылынан тұратын дәрілер (жаңа жеткізулер).
Қазақстандық фармацевтикалық компаниялар Өзбекстанға экспорттық жеткізулерді тұрақты өсіруді жалғастыруды жоспарлап отырғандығын атап өткен жөн.
1-кесте. Фармацевтикалық өнім экспорты, млн АҚШ долл.
2020 ж. 5 ай |
2021 ж. 5 ай |
Өсу |
|
ҚР экспорты, соның ішінде: |
22,8 |
27,0 |
+19% |
Өзбекстан |
0,8 |
8,6 |
+11 есе |
Дереккөз: ҚР СЖРА ҰСБ