Ферроқорытпа экспорты 2021 жылғы қаңтар-мамырда 771 мың тонна рекордтық көрсеткішіне жетті
Қазақстан ферроқорытпаларды әлемдік экспорттаушылардың үштігіне кіреді (жыл сайын 1,5-1,8 млн тонна). Ферроқорытпалардың экспорты елге шамамен 1,7-1,9 млрд доллар түсімін қамтамасыз етеді. Соңғы жылдары қазақстандық ферроқорытпа кәсіпорындары экспорт көлемін тұрақты ұлғайтуда.