Проммашкомплект ЖШС -темір жолға арналған дөңгелектер өндіру кешені
Темір жолға арналған тұтас таптамалы дөңгелектер шығаратын алғашқы және бүгінгі күнгі жалғыз қазақстандық кәсіпорын.
Өндірістік қуаты жылына 200 000 дана дөңгелек.
2021 жылдың соңына қарай кәсіпорынның қуаты жылына 300 000 дөңгелекке дейін ұлғайтылатын болады.
Кәсіпорынның посткеңестік кеңістікте баламасы жоқ.
Кешеннің жаңа технологиясы мен жетілдірілген роботтандырылған технологиялық жабдығы ең жоғары өндірістік нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді: жоғары өнімділік, ақаудың ең төменгі %.
2020 жылы кәсіпорын жылына 155 000 астам дөңгелек өндірді, осы жылдың түсімі 50 млрд. теңгеден асты.
Өнімді өткізудің жалпы көлеміндегі экспорттың үлесі – 65%.
2020 жылы меншікті А5 құрылымды қисық сызықты дискісі бар дөңгелектер мен тісті дөңгелектерді дайындау өндірісі игерілді.
Осылайша, дөңгелектерді өндіру кешені заманауи және тиімді жабдықтары, бірегей НОУ-ХАУ пакеті бар, ішкі және сыртқы нарықта икемді жұмысты қамтамасыз ететін тиімді және теңдестірілген өндірістің үлгісі болып табылады.