2021 жылдың бес айында отандық иленген былғары мен ірі қара малдың терісінен жасалған былғары крастын сатудан түскен экспорттық түсім 2,4 млн АҚШ долларға жетті. Бұл өткен жылдың көрсеткішмен салыстырғанда 73,3% - ға жоғары.
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ мамандарының айтуынша, былғары илеу және өңдеу кәсіпорындары еліміздің 11 өңірінде орналасқан. Осы саладағы кәсіпорындардың көпшілігі Шымкент қаласында шоғырланған (7 кәсіпорын).
Сондай-ақ, өндірушілер Алматы, Қостанай, Жамбыл, Ақтөбе, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында және республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында да бар.
Бүгінгі таңда Қазақстанда былғары илеумен 1 орта кәсіпорын (Алматы былғары зауыты «Almaty Tannery» ЖШС) және 27 шағын бизнес кәсіпорны («КазИталКожа» ЖШС, «Semey Tannery» ЖШС, «КазахЛидерМех» ЖШС, «Петропавл былғары зауыты» ЖШС, «Тараз Былғары зауыты» ЖШС, «Turan Skin» ЖШС, «Кәмшат-Әсел» ЖШС және т.б.) айналысады.
Ірі қара мал терісінен жасалған былғары өндірісінің көлемі 2021 жылдың 6 айы ішінде 54 млн шаршы дм. құрады, өткен жылмен салыстырсақ 15,2% - ға жоғары.
Жергілікті нарықта отандық былғарыны аз мөлшерде аяқ киім өнімдерін (негізінен әскери және арнайы аяқ киім үшін) және былғарыдан жасалған тауарларды (сөмкелер, белдіктер) өндірушілер сатып алады, қалғаны – экспортталады.
Қазақстандық терінің негізгі сатып алушылары Қытай, Үндістан, Италия, Түркия, Украина және Испания сияқты елдер.
Кесте-2020 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 2021 жылғы қаңтар-мамырдағы жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің экспорты, млн. АҚШ
2020 ж. 5 ай аралығында |
Үлесі |
2021 ж. 5 ай аралығында |
Үлесі |
|
ҚР экспорты |
645,4 |
100% |
2 421,3 |
100% |
Қытай |
301,3 |
46,7% |
1 671,8 |
69% |
Үндістан |
0 |
0% |
293,6 |
12,1% |
Италия |
111,2 |
17,2% |
277,6 |
11,5% |
Түркия |
220,1 |
34,1% |
117,3 |
4,8% |
Украина |
0 |
0% |
41,8 |
1,7% |
Испания |
12,8 |
2% |
19,3 |
0,8% |
Дереккөз: ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы
ҚР ИИДМ «QazIndustry»
Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ
Баспасөз қызметі
8 (7172) 79 33 99 (110)