2021 жылдың қаңтар-маусымында химия саласы өндірісінің көлемі 252,2 млрд теңгені құрады, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 2,2% - ға жоғары.
Талданып отырған кезеңде химиялық өнім өндірудегі негізгі үлесті бейорганикалық заттар – 36,7%, тыңайтқыштар мен құрамында азот бар заттар - 17,4%, бояғыштар мен пигменттер – 8,7%, басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де химиялық өнімдер - 8,5%, пестицидтер мен өзге де агрохимия – 7,5%, бастапқы нысандардағы пластмассалар – 6,8% құрады.
Нақты көлем индексі (НКИ) талданып отырған кезеңде 102,8% - ды құрады. Табиғи көлемде өндіріс көлемінің ең көп өсуі: құрылыс жұмыстарының өсуіне байланысты цемент қоспалары (1,8 есе), сырлау тегістегіштері (+12,7%), каустикалық сода (1,7 есе), натрий триполифосфаты (+15,9%), жуу құралдары (+26,3%), тұз қышқылы (+20,9%), бастапқы нысандардағы стирол полимерлері (+8,6%), фосфор тыңайтқыштары (+8,0%), аммиак (+3,0%) және тұтынушылық сұраныстың өсуі салдарынан бастапқы нысандардағы полиуретандар (+24,0%); хром қосылыстары: натрий бихроматы (+49,6%), хром тотығы (+26,2%), хром ангидриді (+35,9%), хром илегіші (+30,1%), бұл «АХҚЗ» АҚ өндірісін қалпына келтірумен байланысты.
Химия өнеркәсібі өнімдерінің экспорты 2021 жылғы қаңтар-мамырда $375,7 млн құрады және 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 4,6% - ға өскенін көрсетеді.
2021 жылғы қаңтар-мамырда өнімнің химиялық түрлерінің импорты $1 278,5 млн құрады, бұл 2020 жылғы ұқсас көрсеткіштің ұқсас кезеңімен салыстырғанда 12,2%-ға жоғары.
2021 жылғы қаңтар-мамырда өнімнің химиялық түрлері нарығының көлемі $1 390,0 млн (588,4 млрд теңге) құрады.
2021 жылғы қаңтар-мамырда өнімнің химиялық түрлері өндірісінің ең үлкен көлемі: Жамбыл (35,3%), Ақтөбе (11,4%), Қарағанды (11,1%), Павлодар (8,9%) және Ақмола (8,3%) облыстарында байқалады.
БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ