ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы 2020 жылы Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі – ИИДМБ) іске асыру қорытындылары бойынша жыл сайынғы дайджестті ұсынады.
Бағдарламада өңдеу өнеркәсібін дамытудың негізгі векторлары ретінде еңбек өнімділігі мен экспортқа бағдарлану айқындалған.
2020 жылы ИИДМБ негізгі көрсеткіштерін орындау қорытындылары бойынша өңірлер мен салалар бөлінісінде жүргізілген мониторинг ЖІӨ құрылымындағы өңдеуші өнеркәсіп үлесінің 2018 жылғы 11,4% - дан 13,1% - ға дейін өскенін көрсетті.
2020 жылы жұмыс істеп тұрған өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарының санын экономикалық белсенді халықтың 1000 адамына ұлғайту бойынша көрсеткіштің мәні 2018 жылмен салыстырғанда 1,14 есеге жетті. Өнеркәсіп кәсіпорындарының жалпы саны 16 862 бірлікке жетті.
Елдегі өңдеу өнеркәсібінің еңбек өнімділігі 38,7 мың АҚШ долл./адамды құрады. 2018 жылдың ұқсас кезеңіне нақты өсім 109,7% - ды құрады.
2020 жылы өңдеу өнеркәсібіне 1 077,8 млрд теңге инвестицияланды, 2018 жылмен салыстырғанда нақты мәнде 13,2% - ға, номиналды мәнде 164,1 млрд теңгеге қысқарды.
2020 жылы 2018 жылмен салыстырғанда өңдеу өнеркәсібінің химия өнеркәсібі (4,3 есе), фармацевтика (2 есе), ағаш бұйымдары өндірісі (1,9 есе), резеңке және пластмасса (70,6%), металлургия (37,8%) темекі өнімдері (39,5%) және машина жасау (14,3%) сияқты 7 секторында инвестициялардың өсуі байқалады. Инвестициялар көлемінің шамамен 2/3 бөлігі 2 саланың: металлургиялық (барлық инвестициялардың 34,5%) және химиялық (28,0%) кәсіпорындарын дамытуға бағытталады, олар 2018 жылмен салыстырғанда тиісінше 4,3 есе және 37,8% - ға өскенін көрсетеді.
2020 жылы инвестициялардың негізгі ағыны мынадай кәсіпорындарды дамытуға бағытталды: металлургия өнеркәсібі (372 млрд теңге немесе секторға инвестициялардың жалпы көлемінің 34,5%), химия өнеркәсібі (301,3 млрд теңге немесе секторға инвестициялардың жалпы көлемінің 28%), Тамақ өнімдері өндірісі (109,0 млрд теңге немесе 10,1%), Кокс және мұнай өңдеу өнімдері (68,0 млрд теңге немесе 6,3%) және өзге де металл емес минералдық өнімдер (67,2 млрд теңге немесе 6,2%)
2020 жылдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібі экспортының көлемі $15,4 млрд құрады және 2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2,3% - ға қысқарды, 2018 жылдың деңгейінен 97,7% - ға жетті. Құндық мәнде экспорт көлемі 2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда $0,3 млрд - қа аздап қысқарып отыр.