Салалардағы жетекші

2020 жылдан бастап дезинфекциялық заттар өндірісінің динамикасы күрт өсті.
Мәселен, 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында өнім өндірісі COVID-19 пандемиясына және сұраныстың өсуіне байланысты  3,1 есеге артып, оң трендті көрсетті. 
Ірі өндірушілер арасында «БО-НА» ЖШС, «Аврора» ЖШС, «Nazar Global Trade» ЖШС, «KazBioChem» ЖШС, «МедиДез ғылыми-өндірістік бірлестігі» ЖШС, «КазбытХим» ЖШС және т. б. компанияларды атап өтуге болады.
Сонымен қатар, этил спиртін өндіретін бірқатар компаниялар нарықтағы сұранысты қанағаттандыра отырып, қажетті дезинфекциялық заттар өндірісіне қайта бағдарланды. Мәселен, «Кентавр» ЖШС (Ақтөбе облысы), «ALPHA-2050» ЖШС (Қостанай облысы) және т. б.

1-кесте-дезинфекциялау құралдары өндірісінің серпіні


Тауардың атауы

2019

2020

Өсуі
2020/2019

қаңтар-маусым 2020 ж.

қаңтар-маусым 2021 ж.

Өсуі
6 ай 2021/  6 ай 2020

Дезинфекциялық құралдар, тонна

2 778

4 955

+78,3%

2 164

6 756

+3,1

Дереккөз: ҚР СЖРА ҰСБ