Трансформаторы ТОО «ASIA TRAFO» экспортируются в соседние страны
«Asia Trafo» ЖШС Шымкент қаласында орналасқан Орталық Азиядағы трансформаторлық жабдық өндіретін ең ірі зауыт. Зауыттың негізгі өнімі күштік май трансформаторлары, қуаты 500 МВА дейінгі 110, 220, 500 кВ кернеу санатындағы автотрансформаторлар және реакторлар болып табылады. Зауыттың жобалық қуаты жылына 12 000 МВА-дан асады. Өнімді экспорттық өткізетін елдер: Өзбекстан, Грузия, Қырғызстан, Ресей Федерациясы.
Өндіріске прогрессивті және экологиялық таза технологиялар енгізілді. Конструкторлық құжаттаманы әзірлеуден бастап шығарылатын бұйымдарды тиеп жөнелтуге және сервистік қызмет көрсетуге дейін машина жасаудың әлемдік көшбасшыларының жұмыс тәжірибесі мен заманауи бағдарламалық қамтамасыз ету базасында өндірісті басқарудың жаңа жүйесі орнатылды. Конструкторлық құжаттаманы әзірлеуден бастап шығарылатын бұйымдарды тиеп жөнелтуге және сервистік қызмет көрсетуге дейін машина жасаудың әлемдік көшбасшыларының жұмыс тәжірибесі мен заманауи бағдарламалық қамтамасыз ету базасында өндірісті басқарудың жаңа жүйесі орнатылды.
Электрондық құжат айналымы және визуализация соңғы тұтынушыда пайдаланудың барлық кезеңі ішінде өтінімді қабылдаудан бастап оның жай-күйіне дейін әрбір трансформатордың өндіріс циклын қадағалауға мүмкіндік береді. Ыңғайлы және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау үшін кәсіпорында бизнес-процестерге қызмет көрсетудің жаңа жүйесі әзірленді және енгізілді. Қызметкерлер үшін бірегей жайлы әлеуметтік тұрмыстық жағдайлар жасалған: заманауи асхана, демалыс аймақтары, жайлы киім шешетін бөлмелер, конференц-зал және спорт залы, аумақта заманауи жоспарлануы бар шағын отбасылық пәтерлік жатақхана және саябақ демалыс аймағы бар.
Трансформаторларды жобалау кезінде әлемге әйгілі «Бүкілодақтық трансформатор жасау институты» институтының негізінде құрылған «Soft-Team Group» украиндық әзірлеушілер тобының заманауи бағдарламалық жасақтамасы қолданылады. Бұл бағдарламалық жасақтама бүкіл әлемнің жетекші трансформатор жасау мамандарының әзірлемелеріне негізделеді, онда трансформаторларды жобалау мен пайдаланудың 100 жылдық әлемдік тәжірибесінің аспектілері ескерілген. Математикалық модельдеу бағдарламалары электромагниттік, механикалық, жылу және динамикалық есептеулердің толық пакетін қамтиды. Әрбір тапсырыс және әрбір өтінім жеке қарастырылады. Үш өлшемді модельдеу жүйелерінің көмегімен оңтайлы дизайн есептеледі, тапсырыс берушімен келісілгеннен кейін және талаптарды қанағаттандырғаннан кейін деректерді өндірісті басқару жүйесіне автоматты түрде беру жүзеге асырылады.
Естеріңізге сала кетейік, QazIndustry ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің желісі бойынша индустрияландыру бағдарламасы аясында еңбек өнімділігін арттыруға байланысты өңдеу саласы кәсіпорындары шығындарының бір бөлігін өтейді. Осылайша, кәсіпорынның құзыреттілігін арттыруға, технологиялық процестерді жетілдірумен және өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттырумен байланысты индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге, сараптауға жұмсалған шығындардың 40% дейін. Құралдармен толығырақ сайттағы «Бизнесті ынталандыру» бөлімінде танысуға болады www.qazindustry.gov.kz.