Киім өндірісінің нақты көлем индексі 2021 жылғы қаңтар-шілдеде өсімді көрсетті және – 118,7% - ды құрады.
Ерлер пальтосы, плащы, жылы күртешелер (шаңғы күртешелерін қоса алғанда), жеңіл желбегейлер, дауылда киетін күртешелер өндірісінің 5 есе; ерлерге арналған пиджактар мен блейзерлер, жакеттер, пиджак үлгісіндегі күртешелердің (трикотаждан басқа) 2,1 есе; ерлерге арналған трикотаж костюмдер, жиынтықтар, пиджактар, шалбар, кеудешелер мен баулары бар комбинезондар, бридж бен шорттардың (суға түсетін киімнен басқа) 75,7%-ға; трикотаж колготкидің (машинамен немесе қолмен тоқылған) 61%-ға; трикотаж теннисі, шортысы бар майка, фуфайка және ұқсас бұйымдардың 41,3%-ға; ерлер жұмыс киімінің 36%-ға, басқа да жұмыс киімдерінің 27% өсімі есебінен орын алды.
БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ