2021 жылғы 24 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында QazIndustry өңдеу өнеркәсібі апталығы барысында екі іс-шара өткізеді: «Субконтракт биржасы – 2021» және «Тапсырыс берушілердің кәсіби қызметтерді сатып алуы: мәселелері мен болашағы» конференциясы.
Іс-шараларға ірі жер қойнауын пайдаланушылар, жүйе құраушы кәсіпорындар, отандық өндірушілер, ұлттық компаниялар, мемлекеттік органдар мен даму институттарының өкілдері қатысады.
Қосалқы келісімшарттар биржасы барысында кооперациялық байланыстарды жолға қою, жаңа әріптестер мен жаңа нарықтарды іздеу, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және B2B байланыстарын қалыптастыру үшін тапсырыс берушілер мен өнім берушілер арасында тікелей келіссөздер жүргізілетін болады.
«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ өнеркәсіптік кооперация орталығының директоры Бауыржан Қален атап өткендей, субконтракт биржасы – бірінші кезекте отандық өндіруші үшін ірі тапсырыс берушілер алдында әлеуетін таныстыруға, тиімді өндірістік тізбектерді құруға және ең бастысы – ұзақ және тұрақты байланыстарды орнатуға мүмкіндік беретін тиімді алаң.
Естеріңізге сала кетейік, үшінші субконтракт биржасының қорытындысы бойынша 2019 жылы KAZ Minerals Тобының («Шығыстүстімет» ЖШС, «Каз Минералз Ақтоғай» ЖШС және «Каз Минералз Бозшакөл» ЖШС) кәсіпорындары мен отандық тауар өндірушілер «Новопек»" ЖШС, «ComTrade Product» ЖШС және «IC textile» ЖШС арасында 16,3 млрд теңгеге бірқатар келісімдерге қол қойылған болатын
Отандық жеткізушілердің кәсіби қызметтер секторын дамыту мәселелеріне қызығушылықты арттыру үшін «Тапсырыс берушілердің кәсіби қызметтерді сатып алуы: проблемалар мен перспективалар» конференциясын өткізу жоспарлануда. Іс-шараның негізгі спикерлері өнеркәсіптік кәсіпорындар мен даму институттарының өкілдері болмақ.
Отандық тауар, жұмыс және қызмет өндірушілерін және Тапсырыс берушілерді биржа мен конференцияға белсенді қатысуға шақырамыз.
Іс-шаралар аясында меморандумдарға қол қойылады.
Шараны ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ және "Қазақстан машина жасаушылар одағы"ЗТБ.
Қатысу үшін келесі сілтеме бойынша тіркелу қажет: http://surl.li/aecws
Сонымен қатар, Экспо павильонына өткізу үшін келесі сілтеме бойынша қосымша тіркеуден өту қажет: https://promweek.kz/
Қосымша ақпарат алу үшін: 8 (7172) 793-399, іш. 1000,1079, 87767408639 (Темірлан), 87026134484 (Райхан).
Өтетін орны: Нұр-Сұлтан Қ., EXPO, Мәңгілік Ел даңғылы, 53/1, 2 қабат, 2 Конференц-зал.
«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және
экспорт орталығы» АҚ
Баспасөз қызметі
87013283898