Еуразиялық экономикалық одақ құрылған сәттен бастап Қазақстанның өңдеу өнеркәсібінің ЕАЭО елдеріне экспорты 24% - ға ұлғайды. Ең көп өсім теміржол локомотивтерінің, дәрі-дәрмектердің және автокөлік құралдарының өнімдері бойынша байқалуда.
Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа қатысуы барынша тығыз әрі үйлесімді экономикалық ынтымақтастық пен әріптес елдермен кооперацияны қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы Экономикалық интеграция дирекциясының басшысы Айдос Омаровтың айтуынша, бірлестік жұмыс істеген алғашқы бес жылдың қорытындысы бойынша Еуразиялық экономикалық одақ өзара саудада туындаған проблемаларға қарамастан, тұтастай алғанда елдің өнеркәсіптік кәсіпорындарының экспорттық мүмкіндіктерін кеңейтті.
Бұл бағытта «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп ЕАЭО шеңберінде ұлттық мүдделерді ескере отырып, отандық өнеркәсіпті дамытуға жәрдемдесуде белсенді саясат жүргізуде.
БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ