КазАзот қуатын арттыруда
Еліміздегі аммиак және аммиак селитрасын жалғыз өндіруші «ҚазАзот» АҚ «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ қолдауымен еңбек өнімділігін арттыра отырып, қуаттылығын арттыруда.
Кәсіпорын 2005 жылы азот – түк зауытының мүліктік кешені негізінде құрылды. Компания штатында 1267 қызметкер еңбек етеді.
Қазіргі уақытта зауыттың өндірістік қуаты жылына 200 000 т аммиак, 360 000 т азот қышқылы және аммиак селитрасы, сондай-ақ газ өндіру жылына 916 млн м3 құрайды.
Аммиак селитрасы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен өнеркәсіп кәсіпорындары (тау-кен өнеркәсібі, атом өнеркәсібі, металлургия өнеркәсібі) арасында үлкен сұранысқа ие және экспортқа көп мөлшерде жіберіледі.
2020 жылы ҚазАзот ішкі нарықтың 45%-ын (252 мың т аммиак селитрасы) қамтыды. Компания Маңғыстау облысының ірі экспорттаушысы, өнімдерін жақын және алыс шетелдерге жеткізеді. Ресей, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан, Грузия және Әзірбайжанға елдеріне экспорттайды.
2021 жылы кәсіпорын сұйық аммиакты тасымалдауға арналған 30 вагон-цистернаны сатып алу және пайдалану бойынша жоба іске қосты. Әрбір вагон-цистернаның жүк көтергіштігі 56 т құрайды. Жобаның құны - 711 миллион теңге. Аммиак химия өнеркәсібінің маңызды өнімдерінің бірі болып табылады және минералды тыңайтқыштар мен құрамында азот бар көптеген өнеркәсіптік заттар өндірісі үшін шикізат ретінде қызмет етеді.
«ҚазАзот» АҚ Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Айжан Балабатырованың айтуынша, ағымдағы жылы компания 360 мың т аммиак селитрасын шығаруды, ал келесі жылы – өндіріс қуаттын 400 мың т дейін арттыруды жоспарлап отыр.
Сонымен қатар, бұл компания Qoldau.kz сайтында алғашқылардың бірі болып тыңайтқыштарды онлайн сата бастады.
Бүгінде ҚазАзот жаңа технологиялар енгізіліп жатқан қарқынды дамып келе жатқан кәсіпорын. Ескірген жабдықтарды жоспарлы ауыстыру жүргізілуде. Энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында кәсіпорында газ поршеньді электр станциясы (ГПЭС) салынды.
2020 жылы «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы АҚ ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің желісі бойынша технологиялық процестерді жетілдіру және білікті шетелдік жұмыс күшін тарту бойынша шығындар шеңберінде еңбек өнімділігін арттыру бойынша шамамен 27 млн теңге сомасына өтем алды.
Компания барлық алынған қаражатты кәсіпорынды одан әрі дамытуға және оның тұрақты деңгейін қолдауға бағыттады.
Естеріңізге сала кетейік, QazIndustry ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің желісі бойынша индустрияландыру бағдарламасы аясында еңбек өнімділігін арттыруға байланысты өңдеу саласы кәсіпорындары шығындарының бір бөлігін өтейді.
Осылайша, кәсіпорынның құзыреттілігін арттыруға, технологиялық процестерді жетілдірумен және өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттырумен байланысты индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге, сараптауға жұмсалған шығындардың 40% дейін өтеледі.
Қолдау құралдарымен толығырақ www.qazindustry.gov.kzсайтындағы «Бизнесті ынталандыру» бөлімінде танысуға болады