ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ тапсырыс берушілердің кәсіби қызметтерді сатып алуы: проблемалары мен болашағы» атты конференция өткізді.
Конференция жұмысына мұнай-газ және тау-кен металлургия секторының ірі жер қойнауын пайдаланушылары, жүйе құраушы кәсіпорындар, отандық өндірушілер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, даму институттары мен мүдделі ұйымдардың өкілдері қатысты.
Бір алаңда «Қазмырыш» ЖШС, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, «Лукойл Қазақстан Апстрим» ЖШС, North Caspian Operating Company N. V., Karachaganak Petroleum Operating B. V., Kaz Minerals Тобы, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «АтырауНефтемаш» ЖШС, «Optimum» ЖШС, «10tech» ЖШС өкілдері және инжиниринг, консалтинг, геологиялық барлау және IT қызметтер саласындағы басқа да қызмет өкілдері жиналды.
Конференцияның негізгі мақсаты отандық жеткізушілердің кәсіби қызметтер секторын дамыту мәселелеріне қызығушылығын арттыруға бағытталған.
Жалпы, жергілікті қамтуды дамыту Қазақстанның индустриялық саясатының бағыттарының бірі болып табылады.
Мемлекеттік органдардың сатып алуын есепке алмағанда, мониторинг субъектілерінің жоғары технологиялық және зияткерлік қызметтер саласында жүргізілген сатып алуды талдау 2019-2020 жылдар кезеңінде кәсіби көрсетілетін қызметтерді сатып алудың 73,2 млрд.теңгеге ұлғаюын және жергілікті қамту үлесінің 17,6% - ға ұлғаюын көрсетеді.
2021 жылғы конференцияның маңызды қорытындысы отандық қызметтерді жеткізуші «Оптимум» жобалау институты» ЖШС мен «HATCH» халықаралық компаниясы арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қою болды. Осы Келісім жер қойнауын пайдаланушылар үшін жобаларды басқару, инжиниринг және жобалау бойынша қызметтер көрсетуге арналған бірлескен қызметті көздейді.
Конференция қорытындысы бойынша түйісу нүктелері айқындалды және Тапсырыс берушілермен ынтымақтастық жөніндегі одан әрі жоспарлар белгіленді, бұл кейіннен кәсіби қызметтерді отандық жеткізушілердің тапсырыстарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Екі жыл ішінде кәсіби қызметтер секторын дамыту жөніндегі іс-шара өзін негізгі алаң ретінде көрсетіп, ірі, орта және шағын бизнес субъектілерінің өзара іс-қимыл жасауына ықпал еткенін атап өткен жөн.
Анықтама үшін:
2020 жылғы онлайн конференцияда «Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы» ЗТБ мен Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті арасында ірі тау-кен металлургия компанияларының кәсіпорындарында қатты пайдалы қазбалар кен орындарының шоғырларына ғылыми зерттеулер жүргізу саласында өзара іс-қимыл жолға қойылды. «Қазақ Петролеум» ЖШС мен халықаралық білім беру корпорациясы (бұдан әрі - ХОК) арасында ХОК жалпы құрылыс факультетімен прогрессивті Құрылыс және өндірістік технологияларды, атап айтқанда бетонды қолдану саласындағы консультациялық, технологиялық және әдіснамалық көмек мәселелері бойынша одан әрі ынтымақтастық орнату бөлігінде өзара іс-қимыл жолға қойылды.
«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және
экспорт орталығы» АҚ
Баспасөз қызметі
Тел.: +7 7172 79 33 99 (110/1040)