Жеңіл түзетуден кейін мыс қайтадан қымбаттауда және сарапшылар экономиканың қалпына келуіне және электромобильдердің дамуына байланысты бағаның одан әрі өсуін болжап отыр. Citi алюминий бағасы бойынша болжамды көтерді – орташа баға алдағы үш айда $2 900 болмақ және жарты жылдан кейін $3 100 болады, ал 2022 жылы олардың пікірінше $3 000-ға дейін түзелетін болады.
Бұған себеп – Қытай. Қытай үкіметінің экологиялық бастамалары шикізат нарықтарын дүр сілкіндіруде және тіпті елдің экономикалық өсуіне қауіп төндірудіе. Бұл бастамаларды ұзақ мерзімді және бір сәттік болып екіге бөлуге болады. Біріншісі – 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізумен байланысты, екіншісі — көмір мен автомобиль түтіні жоқ ашық аспан астында ақпан айында қысқы Олимпиада өткізу. Металдар мен көмірдің жоғары бағасы Қытай экономикасындағы инфляциялық қысымды ұстап тұрады. Қымбат және қол жетімді болмай отырған болат бүкіл әлемде де, Қазақстанда да құрылыс секторына соққы болып тиюде.
БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ