ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ-мен бірлесіп Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік тауарларының Еуразиялық тізілімін қалыптастыруға қатысуда (ЕАЭО).
Естеріңізге сала кетейік, ЕАЭО шеңберінде Комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 23 қарашадағы шешімімен мемлекеттік сатып алу мақсаттары үшін жекелеген тауарлардың шығарылған елін айқындау Қағидалары бекітілген болатын.
Қағидалар мемлекеттік сатып алуларға ЕАЭО-дағы барлық елдердің өнім берушілеріне қолжетімділікті қамтамасыз етеді, өндірістерді оқшаулау деңгейін арттыруға мүмкіндік береді, Одақ шеңберінде өнеркәсіптік кооперация үшін ынталандыруды қалыптастыруға көмектеседі.
Талаптар энергетикалық, арнаулы, ауыл шаруашылығы машинасын жасау, автомобиль жасау, станок жасау салалары, электр техникалық және кабель өнеркәсібі, компрессорлық және тоңазытқыш жабдығы өндірісі, жеңіл, жиһаз, ағаш өңдеу, химия, мұнай-газ химиясы өнеркәсібі тауарларының 300-ге жуық түріне қолданылады.
Ережеде отандық өндірушілердің өндірістік және технологиялық мүмкіндіктері, сондай-ақ Қазақстан өнеркәсібі өндірісінің жоспарлары мен перспективалары ескерілген.
Қазақстанда тауарды Еуразиялық тізілімге енгізу үшін ЕЭК-ке өтінімдерді жіберуді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі сараптама ұйымдары беретін сараптама актілерінің негізінде жүзеге асыратын болады. Тізілімді қалыптастыру және жүргізу мәселелері бойынша Еуразиялық экономикалық комиссиямен өзара іс-қимыл жасауға Қазақстан Республикасының уәкілетті ұйымы болып ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі айқындалды.
Бүгінгі таңда қазақстандық аккумуляторлар өндірушісінің 48 тауарлары Еуразиялық тізілімге енгізілген.
Барлық сұрақтар бойынша 8 (7172) 983-294, 8778 500 00 77 тел нөміріне хабарласу қажет немесе e.duisebek@miid.gov.kz электрондық поштасына жазуға болады.
«QazIndustry»
«Қазақстандық индустрия және
экспорт орталығы» АҚ
Тел.: 8 (7172) 79 33 99 (110/1040)