Бурное сүт компаниясына технологияларды жетілдіруге бағытталған мемлекеттік қолдау көрсетілді
«Бурное сүт компаниясы» ЖШС өз қызметін 2014 жылғы 22 мамырда «Бурное ірімшік зауыты» ЖШС базасында табиғи ірімшіктер, сары май және ультражоғары термиялық өңделген табиғи сүт өндіріп бастады. Бүгінгі таңда кәсіпорында 108 адам жұмыс істейді.
Компания 2014 жылдың қыркүйек айынан бастап «Бурное ірімшік зауыты сауда» маркасымен кең ассортиментте Қазақстан мен Ресей дүкендерінің сөрелеріне сүт өнімдерін жеткізе бастады.
Өнімнің жоғарғы сапасы түрлі марапаттарға ие болды. «БСК» ЖШС сүт өнімдері "WorldFoodKazakhstan 2014" және "WorldFoodKazakhstan 2015" көрмелерінде 1-ші орынға иеленді.
Сонымен қатар, 2015 жылы компания «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауында 2-ші орын алды.
Бурное сүт компаниясы өз өнімдерін Алматы, Нұр-Сұлтан, Тараз, Шымкент, Қызылорда, Байқоңыр, Қарағанды, Павлодар, Талдықорған және т.б. қалаларында сатады, сонымен қатар зауыт өнімдері тұрақты негізде Ресей Федерациясына экспорттайды. Жақын арада Қытайға сүт жеткізуді жоспарлап отыр.
Өндірістің өзі «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» магистраліне жақын жерде, Жамбыл облысы, Б.Момышұлы ауылында орналасқан.
Өндірушілердің айтуынша, өнім табиғи сүттен өндіріледі, ол қолайлы климатпен, шөпке бай және таза сумен ерекшеленетін Талас Алатауының көркем тау бөктерінде: Жамбыл облысы Жуалы ауданының 13 ауылдық округінде дайындалады. Сүттің 90%-ын тапсырушылар жеке аулалардан жинайды.
«Бурное сүт компаниясы» ЖШС мемлекеттік қолдаудың арқасында технологиялық процестерді жетілдіруге, атап айтқанда жаңа жабдықты орнатуға кеткен шығындардың бір бөлігі өтелді.
Естеріңізге сала кетейік, QazIndustry ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің желісі бойынша индустрияландыру бағдарламасы аясында еңбек өнімділігін арттыруға байланысты өңдеу саласы кәсіпорындары шығындарының бір бөлігін өтейді.
Мемлекет кәсіпорын құзыретін арттыруға, технологиялық процестерді жетілдіруге және өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға байланысты индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге, оған сараптама жасауға байланысты шеккен шығындардың 40% - на дейін өтейді.
Құралдармен толығырақ www.qazindustry.gov.kz сайтындағы «Бизнесті ынталандыру» бөлімінде танысуға болады.