Индустрияландыру картасы бойынша қыркүйек айындағы жағдай бойынша жалпы сомасы 295,6 млрд.теңгеге 28 жоба пайдалануға берілді, 3,5 мың жаңа жұмыс орны құрылды.
Индустрияландыру картасының ағымдағы жылғы ең маңызды жобалары: Жәйрем кен байыту комбинатын жаңғырту және байыту фабрикасының құрылысы (145 млрд тг, 381 жұмыс орны), Ақтоғай кен байыту комбинатын қайта өңдеу қуаттарын кеңейту (396 млрд тг, 700 жұмыс орны), Сарыарқа ферроқорытпа зауытының құрылысы (35 млрд тг, 400 жұмыс орны), Петропавлда трансформаторлар өндірісінің ашылуы (10 млрд тг, 300 жұмыс орны), Шымкент қаласындағы алюминий банкі өндірісі (23,4 млрд тг, 145 жұмыс орны), Қостанай облысында ауыл шаруашылығы техникасы мен автокомпоненттер өндірісі бойынша оқшаулау орталығын ашу (12,6 млрд тг, 450 жұмыс орны).
Жалпы, 2021 жылы жалпы сомасы 1 235,5 трлн теңге болатын 128 жобаны іске қосу жоспарланған. Бұл 12 мыңға жуық жаңа тұрақты жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.
Кәсіпорындар толық қуатқа шыққан кезде олардың өндіріс көлемі шамамен 987,7 млрд теңгені құрайды. Ауылдық жерлерде 5,5 мың, ал моноқалаларда 1,6 мың тұрақты жұмыс орнын құру жоспарлануда.
Сондай-ақ, өндірілген өнімнің үштен бірін экспортқа шығару жоспарлануда, бұл шамамен $800 млн құрайды.
БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ