«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ қазан айында алты пилоттық аумақтық кластер өкілдерімен көшпелі кеңес өткізді.
Кеңеске құрылыс кластерінің (Қарағанды облысы), сүт өңдеу кластерінің (Ақмола облысы), жиһаз кластерінің (Алматы қаласы), Алматы өңірінің туристік кластерінің (Алматы қаласы және Алматы облысы), Оңтүстік Қазақстан өңірінің фармацевтикалық кластерінің (Шымкент қаласы және Түркістан облысы) және ұн тарту кластерінің (Қостанай облысы) өкілдері қатысты.
Кеңестер барысында кластерлік бастамалардың проблемалық мәселелері, Қазақстанның кластерлік саясатының ағымдағы жай-күйі, сондай-ақ оларды одан әрі дамытудың жоспарлары мен перспективалары талқыланды.
Сондай-ақ, QazIndustry кластерлерге қатысушыларға «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» ұлттық жобасы шеңберінде әзірленетін аумақтық кластерлерді мемлекеттік ынталандыру қағидаларының жобасымен таныстырды.
Қағидалар кластерлік жобаларды және кластерлік ұйымды жобалық қаржыландыру, білім беру, ғылыми, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды қолдау арқылы субсидиялауды көздейді.
Анықтама: «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ Өңірлерді дамыту шеңберінде Қазақстан Республикасының кластерлік даму мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыруға және үйлестіруге, оның ішінде кластерлердің жай-күйіне кейіннен мониторинг жүргізе отырып, кластерлік бастамалардың тізілімін жүргізуге уәкілетті.