Кәсіпорынның өнімділігін арттыру – «Саған Colour» ЖШС табыс тарихы
«Саған Colour» ЖШС жалпы құрылыс және өнеркәсіптік мақсаттағы лак-бояу өнімдерін өндіруге маманданған қазақстандық жоғары технологиялық кәсіпорын. Компания бояулар, эмальдар, праймерлер, лактар, еріткіштер, отқа төзімді композициялар және т. б. өндіреді.
Зауыт өнімі тұтынушылар сұранысына ие және отандық сапалы лак-бояу материалдары нарығындағы күрделі бәсекелестікте көшбасшы орынға ие.
Тауар желісін кеңейту үшін компания «ТМ Сервис-Қазақстан» ЖШС-мен жол бояуын өндіру цехының жабдықтарын жеткізуге және шеф-монтаждау және іске қосу-жөндеу жұмыстарын орындауға келісімшарт жасады.
Жаңа желіні іске қосу есебінен кәсіпорын шығарылатын өнім номенклатурасын 12-ден 56 атауға дейін ұлғайтып, кәсіпорын өнімділігін 40% - ға дейін арттыра алды.
«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қолдауымен кәсіпорынға 1 894 000 теңге көлемінде шеф-монтаждау және іске қосу-жөндеу жұмыстарына жұмсалған қаржының бір бөлігін қайтарды.
Мемлекеттік қолдау шараларын алғанға дейін кәсіпорын кірісінің орташа көрсеткіші 177 901,87 мың теңгені құрады, шығынды өтеуден кейін кірістің орташа көрсеткіші 288 032,50 мың теңгені құрады, бұл жалпы кәсіпорын кірісінің жалпы өсуін көрсетеді.
Осы жабдықты пайдалану нәтижесінде кәсіпорынның өндірістік қуаты едәуір артты, сондай-ақ жұмыс орындарының саны артты. Қазірде компания «Қазақавтожол» ЖШС және «Қазавтожол» АҚ жол бояуын үлкен көлемде жеткізуде.