Құзыреттілікті арттыру: «Нефтехим LTD» Компаниясы» ЖШС-нің табыс тарихы
«Нефтехим LTD» Компаниясы» ЖШС метил-трет-бутил-эфир (МТБЭ) және полипропилен өндіретін Қазақстандағы жалғыз кәсіпорын. Компания экспортқа бағытталған және өз өнімдерін Ресей, Түркия, Украина, Қытай және Батыс Еуропаға жеткізеді.
2021 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша зауыт персоналының саны 941 адамды құрады, оның ішінде негізгі өндірістің жұмысшы персоналы – 362 адам. Шығарылатын өнімнің атауы: метил-трет-бутил эфирі, полипропилен және жұмсақ полипропилен ыдысы (қаптар).
Чех Республикасының жоғары молекулярлық химия ғылыми-зерттеу институтымен жасалған келісім-шарт негізінде қызметкерлерді, оның ішінде инженер-технологтарды, түйіршіктеу және полипропилен өндіру қондырғысының басшыларын оқыту жүргізілді.
Компания қызметкерлерін оқыту нәтижесінде келесі көрсеткіштерге қол жеткізілді: полипропиленді түйіршіктеуді тұрақтандыру үшін реагенттер тізімі кеңейтілді, құбыр өткізгіштің қабырғаларында полипропилен агломераттарының жабысуын жою тәсілдері анықталды, балқыманың аққыштығының жоғары көрсеткіші бар полипропилен өндірісі іс жүзінде игерілді, катализаторлық кешенді неғұрлым тиімді пайдалану, шығыстар нормаларын төмендету жағына өзгерту.
Жоғарыда аталған барлық нәтижелер полипропилен өндірісін тәулігіне 155 тоннадан 160 тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік берді.
«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қолдауымен компанияның қызметкерлерді оқытуға байланысты 4 299 800 теңге сомасында жұмсаған шығындарын өтеді.