Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Марат Бопазов Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісінің орынбасары Мохсен Читсазбен кездесті.
Кездесу барысында QazIndustry басқарма төрағасының орынбасары Марат Бопазов Иран тарапын QazIndustry қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды, сондай-ақ қазақстандық арнайы экономикалық аймақтар (АЭА) аумағындағы мүмкіндіктер мен жұмыс жағдайлары туралы айтып берді.
Иранның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мохсен Читсаздың айтуынша, 30-ға жуық ирандық компания Қазақстанға инвестиция салуға дайын. Бұл компаниялар IT, медициналық – фармацевтикалық салада, сондай-ақ ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі саласында жұмыс істейді.
Ирандық инвесторлар фармацевтика саласындағы жобаларды жүзеге асыру бойынша, атап айтқанда, ортопедиялық өнімдер, дезинфекциялық және дәрі-дәрмек өндірісінде ынтымақтастық ұсынады.
Сонымен қатар, инвесторлар өсімдік шаруашылығын дамытуға инвестиция салуға ниетті.
Өз кезегінде Марат Бопазов QazIndustry құзыреті шеңберінде жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін білдірді.
Кездесу соңында тараптар ынтымақтастықты нығайтуға уағдаласты.
БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ