Машина жасау кәсіпорнының өнімділікті арттырудағы жетістік тарихы

Машина жасау кәсіпорнының өнімділікті арттырудағы жетістік тарихы

«Қазақстан Агро Инновациялық Корпорациясы» ЖШС – ауыл шаруашылығы, мамандандырылған және коммуналдық техниканы шығаратын заманауи көпсалалы зауыт, сондай-ақ Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясы өндірісінің дайын өнімін ірі жеткізуші.
Бүгінгі таңда кәсіпорын түрлі ауылшаруашылық техникаларын шығарады, мәселен, экскаваторлар, пресс-жинағыштар, тіркемелі бүріккіштер, тұрақты бекітілген аспалы шөміш, трактор тіркемесі, өзі аударғыш трактордың жартылай тіркемесі, аспалы дискілі шөп шапқыш және т. б.
Компания бас инженер лауазымына жоғары білікті шетелдік маманды тартты. Ол кәсіпорында конструкторлық және технологиялық құжаттаманы әзірлеуді ұйымдастырды, оның басшылығымен Қауіпсіздік сертификаттарын және СТ KZ сертификаттарын ала отырып, мемлекеттік сынақтар оның ішінде ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарының алғашқы өнеркәсіптік партиясын шығару бойынша жұмыстар жүргізілді.
Сонымен қатар есепке алуды автоматтандырылған өңдеумен жергілікті компьютерлік желілер базасында өндірісті басқару бойынша арнайы БҚ (бағдарламалық қамтамасыз ету) енгізді. Кәсіпорында еңбекті қорғау жүйесін ұйымдастыру бойынша нормативтік-техникалық құжаттама жиынтығын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілді.
«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қолдауымен кәсіпорынға қолдау көрсетілді, шетелдік қызметкерді тартуға жұмсалған қаражаттың 40% немесе 5 111 488,40 теңгеге шығын өтелді.
Мемлекеттік қолдау шараларын алғанға дейін кәсіпорын кірісінің орташа көрсеткіші 486 726,87 мың теңгені құрады, ал өтем алғаннан кейінгі кірістің орташа көрсеткіші 1 558 976,87 мың теңгені құрады, бұл жалпы кәсіпорын кірісінің өскенін көрсетеді.