Салалардағы жетекші

2021 жылғы қаңтар-қазанда Қазақстанның химия өнеркәсібіне инвестициялар көлемі 398,3 млрд теңгеден асып, 4,7 есеге дерлік ұлғайды.
Мұндай елеулі өсім Атырау облысында полипропилен өндіру жөніндегі газ-химия кешенінің құрылысымен байланысты. Мәселен, Атырау облысының химия саласына салынған инвестициялар 314,8 млрд теңгені құрады (үлесі 79%).
Сонымен қатар, өңірлер бойынша маңызды салымдардың ішінен Павлодар облысын (31,5 млрд теңге) және Жамбыл облысын (29,8 млрд теңге) ерекше атап өтуге болады.

1-кесте-химия өнеркәсібіне инвестициялар серпіні

Көрсеткіштің атауы

2019

2020

қаңтар-қазан             2020 ж.

қаңтар-қазан             2021 ж.

Негізгі капиталға инвестициялар, млрд теңге

168,1

301,3

84,2

398,3

Дереккөз:ҚР СЖРЖА ҰСБ