Қазақстандық жеңіл өнеркәсіптің өндірістік қуаттары елдің төрт негізгі өңірінде шоғырланған және өндіріс көлемінің шамамен 60% - ын қамтамасыз етеді.
Шымкент қаласында (22%) жеңіл өнеркәсіп саласындағы негізгі ойыншылар – «Azala Textile» ЖШС (мақта-маталар, үй тоқыма), «Аzala Cotton» ЖШС (мақта-маталар), «ТПК Alliance» ЖШС (мақта-маталар), «Бал Текстиль» ЖШС (кілемдер және кілем бұйымдары), «АГФ Групп» ЖШС (үй тоқыма), «Әлем БТ» ЖШС (шұлық бұйымдары).
Алматы облысы (14,5%) – «Almaty tannery» ЖШС (жартылай фабрикат "wet-blue", дайын тері), «Мимиорики» ЖШС (ересектер мен балалар киімі), «Glasman» ЖШС (ерлер костюмдері, мектеп формасы), «Медиатекс-Н» ЖШС (бас киімдер).
Түркістан облысының (11%) негізгі ойыншылары – мақта өңдеу зауыттары «Khansuar Invest Company» ЖШС, «Мырзакент» ЖШС, «Turkestan Textile» ЖШС (арнайы киім, үй тоқыма), «Алтын Адам» ЖШС (ерлер костюмдері, арнайы киім).
Алматы қаласының жеңіл өнеркәсібінің негізгі өнімдерін өндірушілері (11%) – «Казлегпром Алматы» ЖШС (ерлер киімі мен аяқ киімі, мектеп формасы, арнайы киім, әскери киім), «Семирамида тігін фирмасы» ЖШС (сыртқы киім), «Жетісу» АҚ (аяқ киім), «КАЗСПО – N» ЖШС (спорттық киім, сыртқы киім), «Аngelcher» ЖШС (мектеп формасы).
Аталған өңірлерде дамыған инфрақұрылымның, кадрлық құзыреттердің және шикізаттың қолжетімділігінің болуы байқалады, бұл жеңіл өнеркәсіптің неғұрлым дамыған нарығы үшін алғышарт болып табылады.
БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ