2021 жылдың қараша айында Индустрияландыру картасы бойынша өңірлер жалпы сомасы 1 трлн теңгеге 83 жобаны іске қосты, 9 мың жаңа тұрақты жұмыс орны құрылды.
Индустрияландыру картасының биылғы жылғы ең маңызды жобалары – Жәйрем тау-кен байыту комбинатын жаңғырту және байыту фабрикасының құрылысы (145 млрд тг, 381 жұмыс орны), Ақтоғай тау-кен байыту комбинатын қайта өңдеу қуаттарын кеңейту (396 млрд тг, 700 жұмыс орны), Сарыарқа ферроқорытпа зауытының құрылысы (35 млрд тг, 400 жұмыс орны), Петропавлда электротехникалық жабдықтар өндірісінің ашылуы (10 млрд тг, 300 жұмыс орны), Қостанай облысында ауыл шаруашылығы техникасы мен автокомпоненттер өндірісі бойынша оқшаулау орталығының ашылуы (12,6 млрд тг, 450 жұмыс орны), Ақмола облысында алтын өндіру фабрикасының ашылуы (64,9 млрд теңге, 242 жұмыс орны).
Жалпы, ағымдағы жылы өңірлер Индустрияландыру картасы аясында 12,7 мың жаңа тұрақты жұмыс орнын құра отырып, жалпы сомасы 1,3 трлн теңгеге 139 жобаны іске қосуды жоспарлап отыр.
Бұл ретте 2025 жылға дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі шамамен 102,5 мың тұрақты жұмыс орнын құра отырып, 13,3 трлн теңгеден астам сомаға өңдеу өнеркәсібінің 490 жобасын іске қосуды жоспарлап отыр.
БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ