QazIndustry 2022 жылдың ақпан айында 30,3 млн. теңге сомасына өнеркәсіптік кәсіпорындарды қолдады

 

Еңбек өнімділігін арттыру бойынша мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру шеңберінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесе «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ-да 30,3 млн.теңге сомасына өнеркәсіп кәсіпорындарының 7 өтінімі бойынша қолдау көрсетті.

 

Өңірлік бөліністе өтінімдер Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының кәсіпорындары, сондай-ақ Атырау, Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстары кәсіпорындарының өтінімдерін мақұлданды.

 

Салалық бөліністе агроөнеркәсіптік кешен мен машина жасау саласындағы кәсіпорындардың өтінімдері басым.

 

QazIndustry онлайн-кеңес беруді жалғастыруда. Ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында «QazIndustry» АҚ мемлекеттік ынталандыру шаралары» тақырыбында 35 кеңес және 2 вебинар өткізілді. Вебинарларға барлығы 50 шақты адам қатысты («МехЛитКОМ» ЖШС - 9, Қазақстан машина жасаушылар одағының мүшелері-40).

 

Естеріңізге сала кетейік, QazIndustry ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің желісі бойынша индустрияландыру бағдарламасы шеңберінде еңбек өнімділігін арттыруға байланысты өңдеуші сала кәсіпорындары шығындарының бір бөлігін өтейді.

 

Атап айтқанда, кәсіпорынның құзыреттілігін арттыруға, технологиялық процестерді жетілдірумен және өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттырумен байланысты индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге, сараптауға жұмсалған шығындардың 40% - на дейін.    

    

Құралдармен толығырақ сайттағы "бизнесті ынталандыру" бөлімінде танысуға болады www.qazindustry.gov.kz