2022 жылғы 1-тоқсан қорытындысы бойынша «QazIndustry» ҚИЭО» АҚ кәсіпорындармен (перспективті және цифрлық шешімдер енгізуге дайын) 18 кездесу және отандық, ресейлік АТ-компанияларды тартумен 7 DemoDay өткізді.
Нәтижесінде 2 кәсіпорын («Өскемен ұн тарту комбинаты» ЖШС және «Mega Smart» ЖШС) отандық
АТ-компаниялардың 3 цифрлық шешімін енгізуде.
Қазіргі уақытта «QazIndustry» ҚИЭО» АҚ 2021 жылы цифрлық стратегиялар әзірленген өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарында цифрлық шешімдерге мониторинг жүргізу және енгізу бойынша одан әрі жұмыстар жүргізілуде.
«QazIndustry» ҚИЭО» АҚ ағымдағы жылы жоспарланған осыған ұқсас іс-шараларға қатысу үшін отандық кәсіпорындарды іздеуді жалғастыруда.
Анықтамалық: цифрлық технологияларды пайдаланумен Индустрия 4.0 элементтерін дамыту жөніндегі реттеуші және ынталандырушы шаралар кешенін әзірлеу бойынша ҚР Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау шеңберінде қазақстандық өнеркәсіпке цифрлық шешімдер енгізу және оларды ілгерілету, сондай-ақ, цифрлық технологиялар қолданатын кәсіпорындар үлесін арттыру мақсатында «QazIndustry» АҚ 2021 жылдан бастап өнеркәсіптік кәсіпорындардың технологиялық процестерін цифрландыру бойынша стратегияға арналған ұсынымдар әзірлеу бойынша жұмысты жүргізеді.