Еңбек өнімділігін арттыру бойынша мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру аясында «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ 39,9 млн теңге сомасына 10 өтінім бойынша қолдау көрсетті.
Өңірлік бөліністе Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпорындарынан көптеген өтінімдер мақұлданды.
Салалық бөліністе қолдау тапқандардың арасында агроөнеркәсіптік кешен және машина жасау саласы өтінімдері басым.
Сонымен қатар, «QazIndustry» консультацияларды онлайн форматта жалғастыруда. Ағымдағы жылдың 4 айында салалық қауымдастықтар мен жергілікті атқарушы органдар үшін 33 кеңес және 1 вебинар өткізілді, онда өнеркәсіптік кәсіпорындардың шығындарын өтеу ережелері мен шарттары түсіндірілді. Бұдан бөлек, Атырау, Қарағанды облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласындағы 18 кәсіпорынға барды: «Доктор Хаус» ЖШС, «АтырауНефтеМаш» ЖШС, «Sigma Solutions» ЖШС, «ПКФ Континент Ко ЛТД» ЖШС, «Stadbold monofactoring» ЖШС, «Рауан Налко» ЖШС, «РГК-Каспий» ЖШС, «Ультрастаб-Казахстан» ЖШС, «Intex steel» ЖШС, «Индир гипс» ЖШС, «ИСИ Гипс Индер» ЖШС, «PolyTech Astana» ЖШС, «Спецэлектра» ЖШС, «Akbarys Protection» ЖШС, «Трубпром» ЖШС, «ТермоФорм» ЖШС, «Алтын Арна» ЖШС, «Polymet Solutions Corporation» ЖШС.
Естеріңізге сала кетейік, «QazIndustry» ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің желісі бойынша индустрияландыру бағдарламасы аясында еңбек өнімділігін арттыруға байланысты өңдеу саласы кәсіпорындары шығындарының бір бөлігін өтейді. Осылайша, кәсіпорынның құзыреттілігін арттыруға, технологиялық процестерді жетілдірумен және өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттырумен байланысты индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге, сараптауға жұмсалған шығындардың 40% дейін. Құралдармен толығырақ сайттағы «Бизнесті ынталандыру» бөлімінде танысуға болады www.qazindustry.gov.kz