Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың тапсырмасын орындау шеңберінде «QazIndustry» АҚ отандық өнеркәсіпке цифрлық шешімдер енгізу бойынша жұмыс жүргізуде. Осыған байланысты өнеркәсіптік кәсіпорындар мен мүдделі тараптардың (АТ-компаниялар, ҒЗИ, білім беру ұйымдары және т.б.) өзара іс-қимылына арналған Цифрлық трансформациялау алаңы әзірленді.
Цифрлық трансформациялау алаңын іске асыру нәтижелері бойынша отандық АТ-секторының өнеркәсіппен ынтымақтастық мүмкіндігін кеңейту, сондай-ақ, сапалы және бәсекеге қабілетті цифрлық өнім жасау үшін ынталандыру, өнеркәсіптік кәсіпорындардың біліктілігі мен цифрландыру деңгейін арттыру күтілуде.
Қазіргі уақытта осы Алаң шеңберінде өнеркәсіптік кәсіпорындардың 400-ден астам цифрлық профильдері, сондай-ақ, 70 отандық АТ-компанияның 100 шешімі құрылды.
«QazIndustry» АҚ АТ-компанияларды http://digital.qazindustry.gov.kz/ адресі бойынша Цифрлық трансформациялау алаңына тіркелуге шақырады.
Тіркелу үшін байланыс деректерін, БСН және ұйым туралы мәліметтерді толтыру қажет.
Өнеркәсіпке арналған жеке цифрлық шешімдерді жариялау «Компания деректері» – «Жобаны қосу» тарауында қолжетімді.
Қазіргі уақытта мобильді нұсқа әзірлеу үстінде болғандықтан, Алаңға қолжетімділік уақытша тек десктопты нұсқадан (ДК арқылы) жүзеге асырылады.