QazIndustry Шымкент қаласы мен Түркістан облысының бизнес қауымдастығымен кездесті

Өңірдің даму перспективаларын, мүмкіндіктерін зерделеуге, сондай-ақ өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шаралары бойынша түсіндіруге бағытталған талдамалық зерттеулер жүргізу шеңберінде 2022 жылғы 6-9 маусым аралығында «QazIndustry» АҚ қызметкерлерінің Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы және Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы өкілдерімен кездесті.

Семинар-кеңес барысында Өңірлерді дамыту дирекциясы басшысының орынбасары Е.Б.Мырзабеков және бас сарапшы Я.Сайлауқызы одан әрі ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ облыстың өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының проблемалық мәселелері, өз өнімдерін өткізу кезінде кездесетін кедергілер және т. б. талқыланды.

 

Сонымен қатар, сандық және сапалық бағалауға негізделген өңдеу өнеркәсібі өндірістерінің өнеркәсіптік әлеуетін анықтау бойынша «QazIndustry» АҚ талдамалық зерттеулер жүргізу шеңберінде Шымкент қаласы мен Түркістан облысын одан әрі дамыту бойынша талдаудың алдын ала қорытындылары мен ұсынымдары талқыланды.

 

Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну шарттары мен тетіктерін түсіндіру мақсатында бизнесті ынталандыру дирекциясының басшысы А.Н. Сагиев Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасымен және Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасымен бірлесіп 7 маусымда Шымкент қаласында, 9 маусымда Түркістан облысында «QazIndustry» АҚ мемлекеттік ынталандыру шаралары» тақырыбында өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін семинар-кеңестер өткізді. Іс-шараларға 90-нан астам кәсіпорын қатысты.

Іс-шара барысында қатысушылармен Қазақстанның өнеркәсіптік саясатының жаңа бағыттары, еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған шығындардың бір бөлігін өтеуді алу тәртібі және шығындарды өтеуге өтінімдерді қалыптастыру кезінде жиі кететін қателер айтылды.

 

Қатысушылардың сұрақтарына толық жауаптар берілді.

Сапар аясында «QazIndustry» АҚ өкілдері Шымкент қаласы мен Түркістан облысының бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындарын аралады:

- «КазМедПром» ЖШС (медициналық қолғаптар өндірісі);

- «Казтехникас» ЖШС (шырақтар, жылыту радиаторлары өндірісі, металл өңдеу);

- «Мега Смарт» АҚ (мдф панель өндірісі);

- «Эко битум» ЖШС (жол битумын өндіру);

- «РМ-ТЕХНОЛОДЖИ» ЖШС (ағаш бұйымдарын өндіру);

- «PIONEER GRAIN PRODUCTS» ЖШС (ұн өндірісі);

- «БумПром» ЖШС (қағаз және картон өндірісі);

- «BESKUDUK TAS» ЖШС (құрастырмалы темірбетон және бетон конструкциялар мен бұйымдар өндірісі);

- «ЕВРОКРИСТАЛЛ» ЖШС (шыны ыдыс өндірісі);

- «KAZALPACK» ЖШС (Жеңіл металдардан жасалған қаптама материалдарын өндіру);

- «B'BARS» ЖШС (киімнен басқа, дайын тоқыма бұйымдарын өндіру);

- «SHYMKENT QAGAZY» ЖШС (қағаз бен картоннан жасалған өзге де бұйымдар өндірісі);

- «ASIA TRAFO» ЖШС (электр қозғалтқыштар, генераторлар және трансформаторлар өндірісі);

- «Golden Camel LTD» ЖШС (тамақ өнеркәсібі);

- «Turkistan textile» БК ЖШС (жеңіл өнеркәсіп);

- «Кентау трансформатор зауыты» АҚ (машина жасау);

- «КазТор ЛТД» ЖШС (3Д тор өндірісі);

 

- ЖК «Гранд Микс» (жиһаз өндірісі).

 

Жоғарыда аталған кәсіпорындарды аралау аясында өкіл олардың өндірісімен танысты, оның қорытындысы бойынша QazIndustry шаралары шеңберінде шығындардың бір бөлігін өтеуге ықтимал болатын шығындар бойынша ұсынымдар берілді.

Анықтама: «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ еңбек өнімділігін арттыру бойынша ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің операторы болып табылады және шығындардың келесі түрлерін өтейді:

1) кәсіпорынның құзыретін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеу (қызметкерлерді оқыту және шетелдік мамандарды тарту);

2)Технологиялық процестерді жетілдіруге жұмсалған шығындарды өтеу (тех және энергоаудит, IT саласындағы консалтинг, өнеркәсіптік дизайн, шеф-монтаждау және іске қосу-баптау, жабдыққа техникалық қызмет көрсету, өнеркәсіптік сынақтар, инжинирингтік қызметтер және т. б.);

3) өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеу (басқару және өндірістік технологияларды енгізу, АБЖ, Kaizen, Kanban, Индустрия 4.0 элементтерін енгізу);

4) индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге және/немесе сараптауға жұмсалған шығындарды өтеу.

Өтінімдерді қабылдау жыл бойы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік ынталандыру шараларын алу бойынша қосымша ақпарат алу үшін 8 (7172) 79 33 90 (444) ішкі телефонына хабарласуға болады.