QazIndustry Павлодар облысының өнеркәсіптік кәсіпорындары үшін цифрлық трансформация және Индустрия 4.0 элементтерін енгізу бағыты бойынша мастер-класс өткізді

2022 жылғы 21 маусымда Павлодар облысы әкімі аппаратының қолдауымен «QazIndustry» АҚ Павлодар қаласының инвесторлар үйінде Павлодар өңірінің өнеркәсіптік кәсіпорындарының өкілдері үшін «Цифрлық трансформация және өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шаралары» бағыты бойынша мастер-класс өтті.

Іс-шараның мақсаты - өндірістік процестерді цифрлық трансформациялау және Индустрия 4.0 элементтерін енгізу бағыты бойынша өнеркәсіптік кәсіпорындар өкілдерінің біліктілігін арттыру.

Жиында бірінші болып International Data Corporation (IDC) халықаралық консалтингтік компаниясының консультанты Олег Сек цифрлық трансформацияның өнеркәсіп үшін артықшылықтары, цифрлық жобаларды енгізуден түсетін пайда, табысты халықаралық кейстер мысалында кәсіпорындардың цифрлық жетілу кезеңдері туралы баяндады.

Одан соң, «Атамекен» ҚР ҰКП Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, білім және инновациялар комитетінің төрағасы Болат Башеев отандық өнеркәсіп субъектілерінің тәжірибесі негізінде цифрлық технологияларды енгізудің ерекшеліктері туралы айтып, басшылардың жоғары және орта буынына арналған кәсіпорындарды цифрландырудың прагматикалық тәсілін ұсынды. Сондай-ақ, баяндамада техникалық қызмет көрсету және жабдықтарды жөндеу басқармасының (ТқКЖ) процестерін цифрландырудан артықшылықтары мен ТқКЖ жүйелерін табысты енгізу үшін қажетті кезеңдер қаралып, осындай жобаны іске асырудың жол картасы ұсынылды.

Бұдан әрі «JK and Partners» ЖШС АТ-компаниясының басшысы Евгений Шутилиннің кәсіпорындарда ақпараттық қауіпсіздік ережелері мен нормаларын сақтаудың маңыздылығына арналған баяндамасы талқыланды. Қауіп-қатердің өзекті түрлері, ақпаратты қорғау құралдары, хакерлік шабуылдармен күресу әдістері туралы айтылды.

«QazIndustry» АҚ Бизнесті ынталандыру дирекциясының басшысы Арстанбек Сағиев өз сөзінде еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік ынталандыру шаралары және шығындарды өтеуге өтінімдерді қалыптастыру кезінде жиі жіберілетін қателіктер туралы ақпарат берді.

Іс-шараның соңында «QazIndustry» ҚИЭО» АҚ Цифрлық трансформация орталығының басшысы Лаура Жұманалиева өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін цифрлық стратегияларды әзірлеу шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмыс, сондай-ақ цифрлық трансформация және Индустрия 4.0 тақырыбы бойынша ағымдағы жылға жоспарланған оқыту іс-шаралары туралы баяндады.

Анықтама үшін: Ағымдағы жылы «QazIndustry» ҚИЭО» АҚ Цифрлық трансформация орталығында ҚР ИИДМ қолдауымен өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін цифрлық стратегияларды әзірлеу бойынша әдіснамалық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жұмыстың негізгі мақсаты - цифрлық даму кезеңдерін түсінуге және цифрлық трансформация құралдарын одан әрі пайдалануға отандық өнеркәсіп субъектілерінің назарын аудару.

Жұмыс нәтижелері бойынша кәсіпорындарға:

- отандық цифрлық шешімдердің және мемлекеттік құралдардың қолданыстағы шараларының (гранттар, кредиттер, өтеу және қоса қаржыландыру құралдары және т.б.) пулы;

- әзірленген цифрлық стратегиялардың жол карталарын іске асыру кезінде сүйемелдеуге көмек көрсетіледі.

2021 жылдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібінің 21 кәсіпорны үшін цифрлық стратегиялар әзірленді. Жалпы сомасы 2,9 млрд.теңгеге 126 цифрлық жоба ұсынылды.

Іс-шара соңында цифрлық стратегияларды әзірлеу бойынша өткізілетін мастер-классқа қатысу үшін өнеркәсіптік кәсіпорындар, сондай-ақ кәсіпорындар үшін цифрлық шешімдерді енгізу бойынша ұсынымдар әзірлеу бойынша бірлескен жұмыс үшін АТ-компаниялардың өкілдері ынтымақтастыққа шақырылды.

 

Оқыту іс-шарасына Павлодар қаласы мен Павлодар облысының 35-тен астам өнеркәсіптік кәсіпорындарының өкілдері, оның ішінде кәсіпорындардың топ-менеджерлері, сондай-ақ АТ-компаниялар мен стартаптардың өкілдері қатысты.