Макинск жылу оқшаулағыш зауытының табыс тарихы

2019 жылы Макинск қ. «МЗТИ» ЖШС  жылу оқшаулағыш материалдар өндірісі кәсіпорны пайдалануға берілді. «Baiterek Venture Fund» АҚ инвестор болды. Жоба құны 6,77 млрд теңгені құрады.

Зауыт нарықта сұранысқа ие жылуоқшаулағыш материал – құрылыста шыны мақтаны ауыстырған және пенопласт негізіндегі  жанғыш материал минералды мақта өндіреді. Бұл базальт негізіндегі жылуоқшаулағыш түрі ылғал- және өртке төзімділік және орнату қарапайымдылығымен ерекшеленетін жоғары пайдалану сипаттамалардан тұрады.

 Осы өнімді өндіру үшін «Gamma Meccanica S.p.A.».  компаниясының италияндық технологиялық  желісі сатып алынғандығын атап өткен жөн.

Италия мамандары жаңа зауыт құрылысының барлық кезеңдеріне қатысты, сондай-ақ, жергілікті жұмыскерлерді жаңа жоғары технологиялық жабдықпен жұмыс істеуге үйретті.

2019 жылдан бастап компанияның өндірістік қуаты  сапасы жағынан импорттық үлгілерден кем түспейтін жылына 5 000 тонна өнімнен 34 000 тонна өнімге дейін өсті. Минералды мақта Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Моңғолия сияқты елдерге экспортталады. Макинск сияқты шағын қала үшін жылу оқшаулағыш зауытын салу өте маңызды оқиға болды.  Жаңа өндіріс 200 астам жұмыс орнын ашты. Кәсіпорын мемлекеттік бюдджетті толықтырудың қосымша көзі болды.

Мемлекет өз кезегінде өнеркәсіпті дамытуға, еліміздің экспорттық әлеуетін арттыруға жан-жақты қолдау көрсетуде. 2021 жылғы қарашада Макинск жылу оқшаулағыш зауыты еңбек өнімділігін арттыру шеңберінде «QazIndustry» АҚ ұсынатын өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын пайдаланды. Компанияның құзыретін арттыруға бұған дейін жұмсалған қаражаттың 40%  мемлекетпен өтелді және зауытты одан әрі дамытуға қайта инвестициялады. Бүгінгі күні «МЗТИ» АҚ Қазақстандағы жылу оқшаулағыш материалдар өндірісі саласындағы жетекші кәсіпорындардың бірі болып табылады.