Мониторинг субъектілерінің тауарлар, жұмыстар және қызметтер сатып алуларының жалпы көлемі 2021 жылғы 12 айда 19 370,0 млрд теңгені құрады, елішілік құндылық (жергілікті қамту) 10 868,5 млрд теңгені құрады (56,1 %). Соның ішінде, тауарлар: 6 722,2 млрд теңгеге сатып алынды, ЕҚ үлесі – 41,0 % сомасы 2 753,4 млрд теңге. Негізгі сатып алынатын тауарлар: - машина жасау саласында: магистралды тепловоздар (сатып алу сомасы 97,0 млрд теңге), магистралды электровоздар (40,8 млрд теңге), жолаушылар вагондары (12,2 млрд теңге), - металлургия саласында: Зл 99,99 маркалы алтын (сатып алу сомасы 294,5 млрд теңге), соғылған шар (48,6 млрд теңге), сорғы компрессорлық құбырлар, болат (7,0 млрд теңге) - химия өнеркәсібінде: күкірт қышқылы, техникалық (сатып алу сомасы 11,4 млрд теңге), техникалық сутек, тығыздалған (сатып алу сомасы 7,64 млрд теңге), аммоний нитраты (сатып алу сомасы 3,6 млрд теңге).
Машина жасау саласында ең жоғары сатып алу көлемін жүйе құрушы кәсіпорындар 34,7% құрайды, ұлттық компаниялар мен холдингтер 23,92%, тау-кен кешені және көмір 22,36%. Металлургия өнеркәсібінде ең жоғары сатып алу көлемі - жүйе құрушы кәсіпорындар (31,2%), тау-кен кешені және көмір (28,71%), ҰК мен холдингтер (28,7%). Химия өнеркәсібінде ең жоғары сатып алу көлемін жүйе құрушы кәсіпорындар (32,24%), ұлттық компаниялар және холдингтер (32,03%), мұнай-газ сектор (14,31%) құрайды.
1-кесте – 2020-2021 ж.ж. өңірлік кесінде елішілік құндылықтың даму динамикасы (пайызбен).
1 кестенің деректері машина жасау саласында елішілік құндылық динамикасының өсуін көрсетеді: - Алматы қ. 6,7%. Неғұрлым сатып алынатын тауарлар: 100% ЕҚ үлесімен электр сымдары, 100% ЕҚ үлесімен жону-бұрама кескіш білдекке арналған блоктар, ЕҚ үлесі 99,2% бу турбинасына арналған сақина. - Нұр-Сұлтан қ. 8,7%. Неғұрлым сатып алынатын тауарлар: қуаты 2206 кВт артық (св. 2999 л.с.) ЕҚ үлесі 30% магистралды тепловоздар, ЕҚ үлесі 29,2% деректер беру желісінің трафиктерін талдау және өңдеуге арналған жабдық. - Шымкент қ. 17,7%. ЕҚ үлесі жоғары неғұрлым сатып алынатын тауарлар: стартерлік аккумуляторлар (98,7%), сұзілмелі, ұңғымалық сүзгілер (95,5%), электр сымы (93,4%). - Қостанай облысы 28,8%. ЕҚ үлесі жоғары неғұрлым сатып алынатын тауарлар: электрмен дәнекерленген жалғастырғыш тетік (89,4%), сыналы ысырма (85,2%). – Қызылорда облысы 12,0%. ЕҚ үлесі жоғары неғұрлым сатып алынатын тауарлар: электр сымы (100 %), технологиялық контейнер (95,1%), жинақтық трансформаторлық қосалқы станция (91,1%). - Маңғыстау облысы 11,0%. ЕҚ үлесі жоғары неғұрлым сатып алынатын тауарлар: Сорғыға арналған дөңгелек (100%), сорғы штангтер (98,2%), атқыма арматура (85%). Сонымен қатар, машина жасау саласында елішілік құндылық үлесінің ең жоғары төмендеуі Батыс Қазақстан облысында және 9,2% құрады. Өз кезегінде металлургия өнеркәсібінде елішілік құндылық динамикасы төмендегі өңірлерде едәуір өсті. - Түркістан облысы – 88,5%. ЕҚ үлесі жоғары неғұрлым сатып алынатын тауарлар: табиғи уран концентраты (100%), болат фланец, тегіс дәнекерленген (91,7%), болат табақ (79,5%) сақтау және тасымалдауға арналған контейнерлер. - Қостанай облысы -38,4%. ЕҚ үлесі жоғары неғұрлым сатып алынатын тауарлар: электрмен дәнекерленген құбыр, болат (100%), шойын тор, оттық (100%), болат фланец (100%). - Қызылорда облысы – 26,1%. ЕҚ үлесі жоғары неғұрлым сатып алынатын тауарлар:
Табиғи уран концентратын сақтауға және тасымалдауға арналған контейнер (100%), жалпы мақсаттағы құбыр, болат (99,8%), болат фланец, еркін (91,7%). Металлургия өнеркәсібінде елішілік құндылық динамикасы едәуір төмендеді: Алматы қ. – 42,4%, Ақмола облысы – 32,6%, Нұр-Сұлтан қ. – 16,9%. Химия өнеркәсібінде 2021 ж. қорытындысы бойынша ең жоғары елішілік құндылық үлесі: - Жамбыл облысы - 22,2%. ЕҚ үлесі жоғары неғұрлым сатып алынатын тауарлар: Этил спирті, техникалық (100%), Шаруашылық сабыны, қатты (80,1%), дихлоризоцианур қышқылының натрий тұзы негізіндегі дезинфекциялық құрал (74,0%). - Атырау облысы - 12,7%. ЕҚ үлесі жоғары неғұрлым сатып алынатын тауарлар: сұйық азот, техникалық (100%), аммиак суы, техникалық (100%), Күкірт қышқылы ерітіндісі (100 %). – Қызылорда облысы – 10,0%. ЕҚ үлесі жоғары неғұрлым сатып алынатын тауарлар: өнеркәсіптік газдар (100%), аммоний нитраты (100%), техникалық ацетилені (100%). Химия өнеркәсібі бойынша елішілік құндылық үлесінің ең жоғары төмендеуі Ақтөбе - 18,3%, Қарағанды – 13,25 және Ақмола облыстарында – 10,4%.