Талдамалық материалдар тізбегіндегі кезекті материал Батыс Қазақстан облысына қатысты. Негізгі акцент даму әлеуеті бар негізгі салаларға бағытталған. БҚО мұнай-газ өнеркәсібі, машина жасау, тамақ өнеркәсібі, құрылыс индустриясы, астық шаруашылығы және мал шаруашылығына маманданған батыс макроөңіріне жатады. Облыс аумағы газ және газ конденсаты, мұнай, борат кені, жанғыш тақтатас, калий-магний тұздары, әктас, цемент, бор, керамзит саз, құрылыс және аллювий құмының кен орындарына бай.
БҚО Қазақстан Республикасының дамыған индустриялық-аграрлық өңірлерінің бірі болып табылады. Мұнай-газ өнеркәсібі (жалпы өндіріс көлемінің шамамен 90%) облыстың индустриялық кешенінің негізі болып табылады, оның дамуы әлемдік мұнай нарықтарындағы баға конъюнктурасына және шикізат өндіру көлемінің артуына байланысты. Әлемдегі ең ірі мұнай және газ кен орындарының бірі - Қарашығанақ, Ақсай қ. жанында орналасқан. Кен орны 280 ш. км. алаңды алып жатыр. Кен орындарының қорлары 1,35 трлн. куб. м газ және 1,2 млрд. тонна мұнай және газ конденсатын құрайды.
2020 жыл қорытындысы бойынша БҚО Қазақстан өңірлерінің арасында елдің ЖІӨ қалыптастыруда 15-орын алды, оның үлесі 4,9% құрайды және ҚР өңдеу өнеркәсібінің ЖІӨ қалыптастыруда өңір үлесі 1,4 % немесе 134,2 млрд. теңгені құрады. Өнеркәсіп құрылымында 2016 жылдан бастап тау-кен өнеркәсібі өндірісінің 86% астамын қамтамасыз етеді, ал, өндірілетін өнім – облыс экспортының негізгі баптары және валюталық түсімдердің негізгі көзі. 2020 жылы өңдеу өнеркәсібінің құрылымында азық-түлік өндірісі – 37%, машина жасау – 19,1%, металлургия – 15,7%, кокс және мұнай өңдеу өнімдері – 9,1% және металл емес минералды өнім – 7,2%.
Өңір 8 тауар өндірісі бойынша ел бойынша 3 үздікке енеді, соның ішінде, газ конденсаты өндірісінде 1-орын алады (ел өндірісінің 97%), табиғи газ (81%), еттен жасалған консервілер (67%), балық өнімі (33%), қож және силикат кірпіштер (19%), шұжықтар және оған ұқсас ет өнімдері (15%), тазартылмаған күнбағыс майы (2%) және күнбағыс майы және оның фракциялары (1%). 2020 жыл қорытындысы бойынша жалпы сауда айналымы 4 632 млн. АҚШ долл. құрады (экспорт – 84%, импорт – 16%). Облыс үлесі елдің жалпы экспортында 8,2% және жалпы өңдеу өнеркәсібінің экспортында 1% құрайды. Өңірдің тауар экспорты 2020 ж. тау-кен өнеркәсібі (95,4%), өңдеу өнеркәсібі (3,8%), сумен қамтамасыз ету (0,3%), басқа топтарға енгізілмеген өзге қызметтер (0,2%) және ауыл шаруашылығы (0,35%) өнімдерінен тұрды.
Ресей БҚО экспорты бойынша қара металдан (құйма шойыннан басқа) жасалған қаптама, мұнай немесе газ ұңғымаларын бұрғылауға арналған сорғы-компрессорлық және бұрғылау құбырлардан бекіре уылдырығын алмастырғыштар: ақсерке уылдырығы (қызыл уылдырық), қуаты 650ква артық емес сұйық диэлектрикпен трансформаторлар, қақталмаған шойыннан жасалған басқа да бұйымдардан тұратын өңделген тауарлардың экспорттық себетінің 60% құрайтын негізгі сыртқы сауда серіктесі болып табылады. Тәжікстан (11,5%), Ауғанстан (7,4%), Беларусь (3,9%) импорттаушы серіктестер болды, бұл елдерге сұйытылған мұнай газдары, жеңіл дистилляттар және азық-түлік, бидай немесе қарабидай ұны экспортталды. Өңірдің өңдеу өнеркәсібінің салалық импорты машина жасау (32,1%); металлургия өнеркәсібі (22,6%); азық-түлік (15,5%) және химия өнеркәсібі (15,5%) өнімдерінен тұрады. Ресей импорт бойынша БҚО негізгі сыртқы сауда серіктесі болып табылады, өңделген тауарлардың импорт себетінің 31,1% құрайды, ол моторлы көлік құралдарына арналған шанақтардан тұрады. Импорт бойынша негізінен уранды экспорттаған басқа негізгі серіктес Қытай (16,9%), - 235 уранмен байытылған және оның қосындылары; плутоний және оның қосындылары; қорытпалар және дисперсия (металл керамиканы қоса алғанда), өнімдер және - 235 уранмен байытылған, ураннан тұратын оның керамикалық қоспалары, плутоний немесе осы өнімдердің қосындылары. Облыстың өңдеу өнеркәсібінде жұмыс істейтіндердің тізімдік саны 8 360 адамды құрады (елдің жалпы санынан 2,8%).
Облыстың тізімдік санының құрылымы жұмыспен қамтылғандардың ең жоғарғы үлесі машина жасау саласында (52,2%), азық-түлік өндірісінде (22,1%), басқа да металл емес минералды өнім (9,5%), металлургия өндірісінде (8%) екендігін көрсетті.
Негізгі капиталға инвестиция көлемі 2020 жылы 467 млрд. теңгені құрады, ол елдің жалпы көрсеткішінде 3,8% құрайды. Өнеркәсіпте инвестиция құрылымында негізгі капиталға ең жоғары инвестиция көлемін на тау-кен өнеркәсібі - 92,2%, сосын, сумен қамтамасыз ету - 3,6%, өңдеу өнеркәсібі - 2,2% және электрмен жабдықтау - 1,9% құрайды.
Индустрияландырудың екі бесжылдығы аясында (2010-2021 ж.ж.) облыста жалпы сомасы 25,8 млрд теңге 9 жоба енгізілді, 448 жұмыс орны ашылды, олардың ішінде төмендегі негізгі жобаларды атап өтуге болады: Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В. Қазақстандық филиалы, «Қарашығанақ-Орал» Газопровод (II кезең); «LLY AGRO-ENERGY» ЖШС, «Дата центр» Орал технологиялық паркі; Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В. КПК көмірсутек шикізатын тереңдетіп тұрақтандыру және тазарту орнату бойынша Қазақстандық филиалы; «Батыс Пауэр» ЖШС, ГТЭС 200 ОРАЛ, Алғашқы іске қосу кешені 100 МВт; «Жайықмұнай» ЖШС, Газды кешенді дайындау қондырғысы; «Конденсат» АҚ, К5 экокласты моторлы отын өндірісі. Өндіріс концентрациясы - бір географиялық тауарлы нарыққа жеткізілетін тауарлар өндірісінің жүйесінде бірнеше тәуелсіз шаруашылық жүргізуші субъектілердің (тауар өндірушілердің) басым болу деңгейі.
Облыстың елдегі шоғырлану деңгейінің көрсеткіштері ел деңгейінен облыс өндірісінің шоғырлану деңгейінің көрсеткіштері болып табылады.
Шоғырлану деңгейінің көрсеткіштері арасында БҚО кесінінде елдің негізгі қорларының жалпы көлемінде негізгі қорлардың болуының ең жоғары көрсеткіші – 4,9%. Облыс жүк тасымалдау көлемі және электр энергиясын тұтыну сияқты көрсеткіштер бойынша 1,6% құрайды. Жалпы алғанда, экономика ҚР экономикасындағы концентрацияның төмен деңгейімен сипатталады. Сонымен қатар, өңір экономикасын әртараптандыруға талдау жүргізу және ұлттық экономикамен салыстыру үшін Хэчман коэффициенті пайдаланылады, оның негізінде локализация коэффициенті жатыр. 2016-2020 ж.ж. локализация коэффициенті 0,51-ден 0,60 дейін өзгереді, бұл өңір құрылымы жалпы ел экономикасының құрылымына жартылай сәйкес келетіндігін білдіреді. 2020 жылы БҚО мамандануы тау-кен өнеркәсібі, мем. басқару және қорғаныс, көлік және жинау, құрылыс және әкімшілік және қосымша қызмет көрсету саласындағы қызмет болып табылады. Анықталған салыстырмалы басымдық (RCA) коэффициенті арқылы өңірде өнеркәсіптік концентрацияның ең жоғары әлеуетіне ие СЭҚТН 6 белгісінде БҚО-дан экспортталатын 0 тауар анықталды. Облыстың Ресей Федерациясының шекаралас аумақтарымен өнеркәсіптік кооперация әлеуетін талдау машина жасау, металлургия және дайын металл бұйымдары өндірісінде 68 тауар тобын анықтауға мүмкіндік берді. Атап айтқанда, ең жоғарғы ықтимал экспорт Орынбор облысына: құбырлар, түтіктер және қара металдан (құйма шойыннан басқа) жасалған жіксіз профильдер, сондай-ақ, қара металл өндірісінің басқа да бұйымдары; Астрахань облысына: қара металдан (құйма шойыннан басқа) жасалған мұнай немесе газ ұңғымаларын бұрғылауға арналған сорғы-компрессорлық және бұрғылау қаптама құбыр өндірісі, сондай-ақ, құрылыс материалдары, құрастырмалы құрылымдар құрылысы;
Волгоград облысына: полимер материалдардан жасалған производство тақтай, табақ, фольга және жолақ немесе таспалар өндірісі; Саратов облысына: қара металдан жасалған бұйымдар өндірісіне: құбырлар, түтіктер, фитингтер және т.б.; Самара облысына: электр жабдығы өндірісі. Өңірдің мамандануын тереңдетуге, сондай-ақ, өндірістік-өткізу тізбектерін кеңейтуге ықпал ететін өңдеу өнеркәсібіндегі тауашалы бағыттарды анықтау үшін бәсекелестік артықшылығы бар өнімдер тобы қалыптастырылды және оған сәйкес машина жасау, азық-түлік және металлургия өндірісі салаларынан 10 тауардың «Өнімнің күрделілігі индексі» арқылы тауарлар өндірісінің технологиялық күрделілігінің деңгейі анықталды. Индекстің оң мәні төмендегі позициялар бойынша байқалады: қуаты 650 ква артық емес сұйық диэлектрикпен трансформаторлар, сондай-ақ, қуаты 650 ква артық, бірақ, 10000 кв артық емес; азот; қара металдан (құйма шойыннан басқа) жасалған мұнай немесе газ ұңғымаларын бұрғылауға арналған қаптама құбырлар, сорғы-компрессорлық және бұрғылау құбырлары, сондай-ақ, шыңдалатын шойыннан жасалған басқа да құйылған бұйымдар облыстың экспорттық себетін әртараптандырумен қатар оның технологиялық күрделілігін арттыруы мүмкін. Теріс индекс мәні бар тауарлар тобының өндірісті тереңдету мүмкіндігі бар: өзге де сұйытылған мұнай газы; шаянтектес, қабықты немесе қабықсыз, тірі, балғын, салқындатылған, мұздатылған, кептірілген, тұздалған немесе тұзды ерітіндіде, шаянтектес кептірілген, қабықты немесе қыбықсыз, кептіру процесіне дейін немесе кептіру процесі кезінде жылулық өңдеуге ұшырамаған немесе ұшыраған бекіре балықтарының уылдырық алмастырғыштары: ақсерке уылдырығы (қызыл уылдырық); тұтас немесе бөлшектенген жыланбалық, бірақ, фаршталмаған; бидай немесе бидай-қарабидай ұны. Осылайша, индекстерге негізделген алдын ала талдау азық-түлік өндірісі, атап айтқанда: нан, нан-тоқаш өнімдері, балық өңдеу және балық өнімдері БҚО өңдеу өнеркәсібінде тауашалы бағыттар бола алатындығын көрсетті. Сонымен қатар, машина жасау өнімі, металдан жасалған өнімдер, газ және химия өнімі өндірісін игеру үшін әлеует бар.