«Өнеркәсіптік саясат туралы» заңды іске асыру бойынша шаралар туралы

Ағымдағы жылы «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енді. Жоғары технологиялық, экспортқа бағытталған өнім өндірісін ұлғайту және дамудың шикізаттық моделінен ауытқу арқылы өнеркәсіптің тұрақты дамуын қамтамасыз ету заңның мақсаты болып табылады.

 «Өнеркәсіптік саясат туралы» және «Өнеркәсіптік саясат мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 23 ақпандағы № 37-р өкіміне сәйкес 82 құқықтық акт әзірлеу көзделген.

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ-мен бірге Үкімет қаулыларының және министрлік бұйрықтарының деңгейінде өнеркәсіпті дамытудың базалық жағдайларын жасау, ішкі және сыртқы нарықтарда отандық кәсіпорындарды ілгерілету, өнеркәсіптің тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру, өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды Бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидаларына бағытталған 30 нормативтік құқықтық акт өзектендірілді және бекітілді.

Қазіргі уақытта уәкілетті орган жергілікті атқарушы органдармен бірге өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іріктеу және Бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Өңдеу өнеркәсібінің жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарының шикізатқа қолжетімділік проблемасын шешу бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру үшін қайта өңдеу өндірістерін шикізатпен қамтамасыз ету механизмі әзірленді. Механизм шикізат өндіруші, қайта өңдеуші және уәкілетті орган арасында шикізатпен қамтамасыз ету туралы үшжақты келісім жасауды білдіреді. Келісім шикізатты кепілдендірілген жеткізу көлемін, толық қайта өңдеу бойынша міндеттемелерді және ерекше бәсекелі баға белгілеу шарттарын көздейді. Механизмді іске асыру шикізатпен толыққанды жүктеуді қамтамасыз етуге, өндіріс қуатын арттыруға және өткізу нарықтарында өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Өндірістің технологиялық процестерін жетілдіру және еңбек өнімділігін арттыру үшін өндірісті цифрлық трансформациялау механизмдері көзделген. Трансформациялау өндіріске цифрлық технологиялар мен автоматтандыру жүйелерін енгізуді көздейді. Осы бағытта операциялық және өндірістік процестерді, соның ішінде, Индустрия 4.0 элементтерін енгізу арқылы автоматтандыруға бағытталған мемлекеттік ынталандыру шаралары әзірленген. 

Өнеркәсіп салаларының жағдайы, олардың объектілік кесіндегі даму болжамы туралы ақпаратты «Өнеркәсіп» ақпараттық жүйесі» цифрлық платформасы қамтитын болады.

Ұлттық экономиканың өзіндік жеткіліктілігін ұлғайтуға және отандық өндіріс үлесін арттыруға офтейк-келісімшарттар нарығын реттеуді енгізу есебінен қол жеткізілетін болады. Офтейк-келісімшарттар жоспарлау мен жасау бойынша ережелердің болуы әлеуетті тапсырыс берушілер мен жеткізушілерге өндірістік қызметті ұзақ мерзімге жоспарлауға, өндіріске инвестициялауға және т. б. мүмкіндік береді.

Қазақстанның ДСҰ кіруі жөніндегі өтпелі кезеңнің аяқталуына және жергілікті қамту бойынша талаптардың жойылуына байланысты тиісті нормативтік құқықтық актілерге «елішілік құндылық» жаңа терминін енгізуге, жергілікті қамтуды дамытуға мониторинг жүргізуге және ынталандырудың жаңа шараларын әзірлеуге мүмкіндік беретін түзетулер енгізілді.

Отандық кәсіпорындарды қолдау шеңберінде Заңда қолдаудың салалық қағидатынан орташа және жоғары бөліністегі өңделген өнімнің нақты түрлерінің өндірісін дамытуды ынталандыруға көшуге баса назар аударылған. Бұл үшін уәкілетті мемлекеттік орган өз құзыреті шеңберінде қосылған құны жоғары және өнімдік күрделілігі бар қайта бөлу деңгейлері бойынша тауарлар тізбесін бекітті.

Өнеркәсіптік кәсіпорындар, сондай-ақ, өнімдері тізбеге жататын тауарлар мен қызметтер өндіретін өзге де заңды тұлғалар қаржылық мемлекеттік ынталандыру шараларын алуға құқылы.

Көрсетілген қаржылық шаралардың нәтижелілігін, сондай-ақ, жобаларды табысты іске асыруға бизнестің мүдделілігі мен жауапкершілігін арттыру мақсатында кәсіпорын алатын шараның түрі мен көлемін ескере отырып, қарсы міндеттемелерді енгізу бойынша критерийлер айқындалды. Кәсіпорындардың міндеттемелері экономикалық көрсеткіштерді, соның ішінде, әлеуметтік маңызды көрсеткіштерді орындауға бағытталған.

Бәсекеге қабілеттілікті арттыру туралы келісім жасасу арқылы кәсіпорындардың мемлекеттік ынталандыру шараларының жеке аралас пакетін алу мүмкіндігі көзделген, бұл бизнеске өндірістік қызметті ұзақ мерзімге жоспарлауға мүмкіндік береді.

Көрсетілген жаңалықтарды ескере отырып, өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды қаржыландыру тәртібін, шарттары мен механизмін айқындайтын қолданыстағы құқықтық актілер өзектендірілді:

- отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді ішкі нарыққа жылжытуға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету;

- еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну;

- аумақтық кластерлерді дамыту бойынша шаралар ұсыну.

Өндірілетін өнімнің технологиялылық деңгейін арттыру мақсатында жаңа ынталандыру құралы – өнеркәсіптік грант енгізілуде. Құрал технологиялық жабдықты немесе технологиялық желіні жаңарту арқылы өндірісті жаңғыртуға ұсынылатын болады.

Өнеркәсіптік саясатты іске асыру еліміздің индустриялық дамуын қамтамасыз етеді. Оның іске асырылуын бағалау алғаш рет жүргізілген жұмысты қалыптастырудан бастап бағалауға дейінгі өнеркәсіптік саясат құралдарының жиынтығын енгізу арқылы заңнамалық түрде айқындалды. Өнеркәсіп жағдайы және Үкімет қабылдайтын шаралар туралы хабардар ету мақсатында өнеркәсіптік саясатты қалыптастырудың негізгі құралы болып табылатын Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің жағдайы туралы ұлттық баяндама енгізіледі.

Өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру индустриялық дамуды бағалау және мемлекеттік ынталандыру шараларының тиімділігін бағалау негізінде жүзеге асырылады.

Индустриялық дамуды бағалау бәсекелестік артықшылықтарды, негізгі проблемалар мен одан әрі саясаттың жоспарларын анықтауға мүмкіндік береді. Осы құралды іске асыру талдамалық ақпаратқа негізделген өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру рәсіміне жүйелік сипат береді.

Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асырудың тиімділігін бағалау үшін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асырудың тиімділігін бағалау әдістемесін, сондай-ақ, өнеркәсіп саласында әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды әзірледі.

Өңдеу өнеркәсібі жобаларына толық мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету, сондай-ақ, оларды тиімді іске асыру мақсатында Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидалары, сондай-ақ, осындай жобаларға мониторинг жүргізу әдістемесі бекітілді. 

Өнеркәсіп саласындағы мемлекеттік саясаттың міндеттерін одан әрі шешу жөніндегі тұжырымдар мен ұсыныстардан тұратын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Мемлекет басшысының атына қалыптастыратын өнеркәсіптің жағдайы туралы ұлттық баяндама жүргізілетін бағалаудың нәтижесі болады.

Өнеркәсіптік саясатты тиімді іске асыру және әр түрлі мемлекеттік органдардың іс-әрекеттерін үйлестіру мақсатында Премьер-Министр орынбасарының төрағалық етуімен Өнеркәсіптік саясат мәселелері жөніндегі ВАК құрылды. ВАК бизнес проблемаларына уақтылы әрекет етуге мүмкіндік береді, мысалы, Үкіметке ынталандырудың жаңа шараларын бекіту және қолданыстағы шараларды қайта қарау бойынша құзырет берілген.

Қабылданған заңға тәуелді актілер өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және негізгі міндеттерді шешуге ықпал етеді.

НОРМАТИВНЫЕ ПРАВОВЫЕ АКТЫ ПО ВОПРОСАМ ПРОМЫШЛЕННОЙ ПОЛИТИКИ